Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды
Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Серғазиева осы лауазымынан босатылған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!