Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Қазақстан Назарбаев заманындағы келісімдерді неге қайта қарағысы келеді?

Астана ондаған жыл бұрын келісімшарт жасасқан Батыс мұнай компанияларына талап қойып отыр. Халықаралық арбитраждағы талқы жабық есік жағдайында өтіп жатыр, ал жария болған ақпараттан Қазақстан шетелдік компаниялар кен орындарына қол жеткізу үшін елдегі шенеуніктерге пара берді деп айыптап отырғаны байқалады. Ал келісімдердің өзі әлі ашық жарияланбады.

Қаңтардың соңында Қарашығанақ бойынша келісімге қатысты дауда халықаралық арбитраж Қазақстанды жақтайтын шешім шығарғаны белгілі болды. Қарашығанақ — елдегі Теңіз және Қашағанмен қатар үш ірі мұнай-газ кен орнының бірі, олар елдегі көмірсутек өндірісінің үштен екі бөлігін қамтамасыз етеді.

Қазақстанда арбитраж туралы ақпарат мардымсыз: энергетика министрі Ерлан Ақкенженов іс "өте құпия режимде" және "ешқандай бейресми келісімдерсіз" өтіп жатқанын айтқан, бірақ шешімнің сомасын да, ондағы нақты шешімдерді де жария етпеді.

Ал сыртқа тараған ақпаратта егжей-тегжей көбірек. Bloomberg және Reuters агенттіктері дереккөздеріне сілтеме жасап, арбитраж Қазақстан шағымының біразын орынды деп тауып, 4 миллиард долларға дейін өтемақы өндіртпек дегенді айтты. БАҚ мәліметінше, дәлел ретінде Астана 2017 жылы Италияда қаралған сыбайлас жемқорлық ісінің материалдарын пайдаланған. Ол кезде мердігерлер Қарашығанақ пен Қашаған жобалары бойынша қазақстандық шенеуніктерге пара бергенін мойындаған.

Сонымен қатар Қазақстанда Қашаған бойынша 160 миллиард долларға жетеқабыл сома таласқа түскен (бұл елдің ЖІӨ-нің шамамен жартысына тең) дау да жалғасып жатыр. Британдық мұнай алыбы Shell қазақстандық жобаларға инвестицияны тоқтататынын жария етті, ал Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты төңірегінде қытайлық CITIC-тің аты атала бастады. Мұның бәрі Астана Батыс, Мәскеу және Бейжіңнің жіті көз салуымен мұнай-газ келісімдерінің шарттарын қайта қарастыра бастағанын аңғартады.

ҚАЗАҚСТАН НЕГЕ АРБИТРАЖҒА ЖҮГІНДІ?Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны — елдің негізгі активтерінің бірі. Ол бюджетке түсетін кірістің елеулі бөлігін қамтамасыз етеді және ауқымы жағынан тек Теңіз кен орнынан кейінгі екінші орында. 1997 жылы қол қойылған өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) негізінде кенді өндірумен 2037 жылға дейін жұмыс істейтін Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) консорциумы айналысады. Оның құрамына Shell (Ұлыбритания), Eni (Италия), Chevron (АҚШ), Lukoil (Ресей) және "ҚазМұнайГаз" (Қазақстан) компаниялары кіреді.

Келісімшарт бойынша өндірілген барлық өнім заң жүзінде Қазақстанға тиесілі, ал инвесторлар мұнай мен газдағы үлесі арқылы шығындарын өтеп, пайдасын алады. Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) жабық түрде жасалған және мұнай өндіруге қатысты осы және басқа да келісімдердің шарттарын жария ету жөніндегі қоғам талабына қарамастан, әлі күнге дейін құпия қалып отыр.

Қарашығанақ төңірегінде алғаш рет дау туындап тұрған жоқ. 2000-жылдардың соңындағы ірі қақтығыс нәтижесінде мемлекет ұлттық компания "ҚазМұнайГазға" жобадан 10 пайыздық үлес алуға қол жеткізді. 2020 жылы тараптар тағы бір мәселені реттеді: акционерлер Қазақстанға шамамен 1,3 миллиард доллар төледі, өнімді бөлу формуласын өзгертуге және қосымша инвестициялық міндеттемелер алуға келісті.

Қазақстан арбитражға үшінші рет 2023 жылы жүгінді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені Бекет Ізбастин басқаратын уәкілетті компания – PSA КРО акционерлерін сотқа берді. Шағымда олар консорциум қандай шығындарды өнімдегі Қазақстан үлесі есебінен жабатынын нақтылауға тырысты. Қазақстан шектен тыс шығындар, қызметтер және басқа да төлемдер бюджет есебінен қаржыландырылмауы керек деп санайды.

Bloomberg дерегі бойынша, мұнай компаниялары Қазақстанға 4 миллиард доллардай төлеуі керек деген шешім шығуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, Астана инвестордың бюджет есебінен шығындарын жабу үрдісін өзгертіп, мемлекеттің және компанияның кірістері арасындағы айырманы азайтқысы келеді.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаиловтың айтуынша, Қазақстанның бұл дауды бастауына бірнеше себеп болды.

— Негізгі себеп — мұнай-газ секторынан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің азаюы. Инвестиция көлемі көп қысқарды. Сонымен қатар Қазақстан президентінің 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді екі есе арттыру туралы тапсырмасын да ұмытпау керек. Бюджетке қаражат түсірудің бір жолы — өтелетін шығындарды қайта қарау болуы мүмкін. Тіпті оны тікелей бюджетке түсім деп айтпасақ та, бұл өтемақы ретінде төленетін шығындардың азаюына әкеледі, бұл да өте маңызды. Арбитраж бірнеше жылға созылуы мүмкін, бірақ барлық бағытта жұмыс жүргізу қажет. Оның үстіне, сала мамандары арасында [шетелдік компаниялардың] өтемақы ретінде шығынды шамадан тыс жоғары көрсететіні туралы көптен бері айтылып келеді. Бұл үлкен жаңалық емес. Тек бұрын мұндай мәселелер жария түрде талқыланбаған.

Зерттеуші Расул Қоспанов Берлиндегі Карнеги орталығы үшін жарияланған мақаласында бұл даудың тағы бір маңызды себебі Қазақстан басшылығындағы адамдардың ауысуы болуы мүмкін. Қазақстанның қазіргі басшылығы 1990-жылдары, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев дәуірінде жасалған "мұнай компромистерімен" тікелей байланысты емес. Қанды Қаңтар оқиғаларынан кейін Назарбаев ықпалын жоғалтты. Қоспановтың айтуынша, Тоқаев пен оның айналасындағы топ үшін "жер қойнауын пайдалану тәсілін қайта қарау — тек табыс мәселесі ғана емес, сонымен бірге олардың саяси дербестігін және елдің экономикалық егемендігін нығайту мүмкіндігін көрсету".

ТАРАПТАРДЫҢ УӘЖІҚазақстан билігі арбитражда іс қаралып жатқанын растайды, бірақ оның мазмұны туралы көп айтпайды. Ерлан Ақкенженов мәселе "аса құпия режимде" қаралып жатыр дейді.

— Қазақстанға 2-ден 4 миллиард долларға дейін өтемақы тағайындалды деген ақпаратты бәріміз оқыдық. Сол жарияланымдарға қарасақ, менің ойымша, бұл өте жақсы, үміттендіретін жаңалық. Осы жаңалыққа сенсек, мүмкіндігіміз өте жақсы, — деді Ерлан Ақкенженов.

Өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша уәкілетті PSA компаниясының басшысы Бекет Ізбастин де мұнай компанияларымен дауларға қатысты пікір білдірмейді. 2024 жылы ол "тарихи кезеңдерден жиналып қалған даулы мәселелерді шешу қажет" екенін айтқан.

"Иә, қазір республика мен жобалардың мердігер компаниялары арасында бірқатар келіспеушілік бар екенін растаймын, — деді Ізбастин. — Бұрын қойылған талаптар реттелмегендіктен, өнімді бөлу туралы келісімдерде берілген құқығымызды пайдаланып, шағымдарымызды тәуелсіз халықаралық арбитраждың қарауына беруге мәжбүр болдық".

Консорциум құрамына кіретін италиялық Eni компаниясы да тергеу мен дауға қатысты пікір білдірмейді, себебі түпкілікті шешім қабылданғанға дейін "таратылатын кез келген ақпарат болжам сипатында болады" дейді.

Ал британдық Shell компаниясы құқықтық мәселелер шешілгенге дейін Қазақстанға жаңа инвестиция салуды уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

"Бұл шынымен де біздің Қазақстанға әрі қарай инвестиция салу ниетімізге әсер етеді, — деді концерн басшысы Ваэль Саван инвесторларға. — Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері әлі де көп деп есептейміз, бірақ жағдай немен аяқталатыны туралы нақтырақ түсінік қалыптасқанша үзіліс жасаймыз".

Сарапшы Асқар Исмаиловтың айтуынша, Shell компаниясының мәлімдемесі — Батыс инвесторлары үшін заңдық тәуекел артқанын білдіретін белгі.

— Бұл компания ертең кетеді дегенді білдірмейді. Көбіне бұл — өз позициясын бекітуге, болашақ жобаларға қатысты болжалды деңгейді төмендетіп, келіссөздегі ұстанымды күшейтуге бағытталған әрекет. Оның үстіне компанияның инвестиция салатын басқа елдері де бар, олардың аты да аталды. Айтпақшы, Shell мәлімдемесінен кейін Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі энергетика министрлігіне келген. Ресми түрде қалпына келетін энергия көздері жобалары талқыланды деп айтылды, бірақ арбитражға қатысты даулы мәселелер мен Shell-дің ұстанымы да сөз болды деп ойлаймын. Бұл туралы, әрине, жария түрде айтылмайды, — дейді Исмаилов.

ПАРА ТУРАЛЫ АЙЫПBloomberg пен Reuters деректеріне сүйенсек, Лондонда Стокгольм ережелері бойынша өткен халықаралық арбитраж Қазақстан талаптарының орынды екенін мойындаған. Яғни консорциум өтемақы ретінде көрсеткен шығындардың бір бөлігі өнімді бөлу туралы келісім шарттарына сәйкес келмейді және ол мемлекет есебінен өтелмеуі тиіс деген қорытынды болған. Ықтимал өтемақы көлемі 2–4 миллиард доллар аралығында бағаланып отыр, алайда нақты сома кейін анықталады және ол бойынша қосымша талқы да, апелляциялар да болуы мүмкін.

— Айта кету керек, бұл "жеңіс" — ресми мәлімдеме емес, бұқаралық ақпарат құралдарына тараған ақпарат. Сондықтан Қазақстан қандай да бір нақты пайда көрді деп айтуға әлі ерте, — дейді Асқар Исмаилов. — Екіншіден, арбитраж Қазақстанның позициясын қолдады деп болжасақ, онда, ең алдымен, өтелетін шығынды қалай есептеу керек, қандай механизмдер қолданылуы тиіс деген мәселе талқыланып жатқан болуы мүмкін. Бұл бюджет шарттарының барлығын ашуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Сол кезде ғана өтелетін шығындар шамамен 2–4 миллиард доллар деп бағалануы мүмкін. Қайталаймын: арбитражда нақты не талқыланып жатқанын біз білмейміз. Әзірге бұл — бізге жеткен үзік-үзік мәлімет қана.

Reuters аты аталмаған дереккөзден алынған арбитраж шешіміне сілтеме жасайды. Онда мемлекет ұстанымы келтірілген: Қазақстан бұрынғы басшылық кезінде елде "сыбайлас жемқорлық пен клептократияға" жол берілгенін мойындайды. Сондай-ақ басылымның жазуынша, арбитраж Қазақстан шенеуніктеріне Қарашығанақ жобасы бойынша мемлекет өтеуі тиіс шығындарды бекіту үшін пара берілгені туралы мәліметтерді назарға алған.

"Бұл құжаттарда қосалқы мердігерлер қазақстандық шенеуніктерге артық шығындарды, ал кейбір жағдайларда жалған жұмыстар үшін жалған шоттарды бекіту үшін төлейтін схема көрсетілген", — деп жазады Reuters.

Италиядағы істің егжей-тегжейі көпшілікке белгісіз. Алайда, ICIJ журналистер консорциумы Caspian Cabals ("Каспий қастандықтары") деген атаумен берген материалдар топтамасында бір іс туралы айтылады. Ондағы мәлімет бойынша, 2017 жылы италиялық кәсіпкер Агостино Бьянки үш қазақстандық шенеунікке пара бергенін мойындаған. Пара алған шенеуніктердің қатарында Қазақстанның бұрынғы президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев болған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол алған қаражатын Ұлыбританияда қымбат үй алуға жұмсаған. Ал Құлыбаевтың адвокаттары клиенті "ешқашан парақорлықпен немесе сыбайлас жемқорлықпен айналыспағанын" айтады.

L 'Espresso журналы ICIJ-ге ұсынған құжаттарға сәйкес, Бьянки мемлекеттік келісімшарттар алу үшін шенеуніктерге пара беріп, олардан өзі 7 миллион доллар пайда тапқан.

Бьянкидің заңсыз алған қаражаты тәркіленді. Кәсіпкер 16 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, бірақ үкімді орындау кейінге қалдырылды. Құлыбаевқа айып тағылған жоқ: оның заңгерлері бұл іс туралы білмейтінін айтты, ал Бьянкидан төлем алғанын жоққа шығарды.

Асқар Исмаиловтың айтуынша, жемқорлық пен клептократия бұрын болды деген мәлімдемелер мұнай-газ секторында жемқорлық азайғанын білдірмейді.

— Әзірге жүйелі өзгеріс байқалмайды. Ол үшін уақыт қажет болады. Сот жүйесі әлі де "ескі" ережелер бойынша жұмыс істеп тұрғаны анық. Сот жүйесінде түбегейлі реформалар болған жоқ. Сондықтан әзірге жемқорлық азая қоюы екіталай. Оның үстіне, жемқорлық деңгейі бойынша рейтингте Қазақстанның позициясы төмендеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Transparency International ұйымы жариялаған Жемқорлық индексінде 182 елдің ішінде 96-орынға ие болды, — дейді сарапшы. — Өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша жұмыс істейтін жобаларда тек ел ішінде жүргізіліп жатқан саясат жалғасқан жағдайда ғана жемқорлық азаюы мүмкін. Сатып алудың қатаң ережелері, ашық техникалық аудит, жалпы және операциялық шығындарды келісуге әр адамның жауапкершілігі және өтелетін шығындарға тәуелсіз бақылау қажет.

ҚАШАҒАН БОЙЫНША ТАЛАПТАР ЖӘНЕ "ӨЗ ЖОЛЫН" ІЗДЕУКейінгі жылдары Астанада Қашаған кен орнын игеріп жатқан консорциумға қатысты да бірқатар талап-шағымдар жиналған.

Bloomberg деректеріне сәйкес, Қазақстанның Қашаған операторы — North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясына қарсы талабы 160 миллиард долларға жетеді. Бұл елдің жылдық бюджетінің кіріс бөлігінен шамамен төрт жарым есе көп. Талап сомасының көлемі бойынша бұл дауды энергетика саласындағы халықаралық арбитраж тарихындағы ең ірі істердің бірі деуге болады.

Қазақстан өтемақы ретінде көрсетілетін шығындардың құрылымын да, келісімнің экономикалық моделін де қайта қарауды сұрап отыр. Бұл модель бойынша ұзақ уақыт бойы табыстың едәуір бөлігі инвесторлардың шығындарын өтеуге бағытталған. Сонымен қатар, жобаны іске қосудағы кідірістер мен үлесті есептеу механизмі де сөз болып жатыр.

Қашаған бойынша арбитраж бөлек қаралып жатыр, ал оның қашан аяқталары белгісіз. Процесс 2028 жылға дейін созылуы мүмкін.

Бұдан бөлек Қазақстан NCOC-пен ел ішінде де соттасып жатыр. Бұған дейін компания мұнай өндірудің жанама өнімі – күкіртті белгіленген нормадан артық шығарғаны үшін 2,3 триллион теңге (шамамен 4,6 миллиард доллар) айыппұл төлеуге міндеттелген.

Бұдан бір жыл бұрын Қазақстанда Қарашығанақ жобасының операторына да шешім шықты: қоршаған ортаны ластағаны үшін оған 739 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оның үстіне Қазақстан Eni және Shell компанияларымен Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу мәселесі бойынша келісімге келе алмады. Инвесторлар жоба құнын 3,5 миллиард доллардан 6 миллиард долларға дейін ұлғайтуды, сондай-ақ шамамен 1 миллиард доллар көлеміндегі қосымша шығындарды жабуды талап еткен.

Қазақстанның энергетика министрлігі бұдан бас тартты, ал жоба бойынша ықтимал серіктес ретінде қытайлық CITIC атала бастады. Алайда бұл түпкілікті шешім емес.

— Қазақстан өз даму жолын іздеп жатыр. Оның кіммен серіктесетіні көп факторға байланысты. Мұнда геосаяси мәселені де жоққа шығаруға болмайды. Америкалық Chevron компаниясы да Қарашығанақ жобасының қатысушысы. Қазақстан АҚШ-пен қарым-қатынасты бұзғысы келе ме? Әрине, жоқ. Ал Қазақстан Еуропа одағымен қатынасты нашарлатқысы келе ме? Бұл — өте қызық сұрақ, — дейді сарапшы Аскар Исмаилов. — Постсоветтік республикаларда Батыс компаниялары мұнай-газ жобаларынан біртіндеп кетіп жатқанын көріп отырмыз. Біздің көршіміз Әзербайжан мұнай-газ жобаларында TotalEnergies, Equinor, Engie (бұрынғы Gaz de France) компанияларын TPAO (Түркия) және Petronas (Малайзия) компанияларымен алмастырды. Оның үстіне, қытайлық инвесторлар республикада өте белсенді бола бастады, бұл Дональд Трамп әкімшілігін қатты алаңдатып отыр.

Астананың тағы бір ірі мұнай-газ кен орны — Теңізге қатысты жаңа талаптар туралы ақпарат болған жоқ. Бір кездері АҚШ-та Теңізге қол жеткізу үшін қазақстандық жоғары лауазымды шенеуніктерге пара беру туралы дау болғаны есте. АҚШ сотында Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі АҚШ азаматы Джеймс Гиффеннің Қазақстан басшысының отбасына миллиондаған доллар пара беруде делдал болғаны қарастырылған. Жеті жылға созылған тергеуден кейін Гиффен салық төлеуде ұзақ заң бұзушылыққа жол бергені үшін ғана айыпты болып шыққан. 2010 жылғы сот шешімі бойынша ол бар болғаны 25 доллар сот шығынын төлеуге міндеттелді. Ал Назарбаев жауапкершілікке тартылған жоқ, Қазақстан өкілдері ақша алғанын жоққа шығарды.

Содан бері он бес жыл өтті, ал қазір Астана тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жасалған мұнай өндіру саласындағы келісімшарттарды қайта қарау ойын ашық айтып отыр. 2025 жылы үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы басшы кезінде жасалған өнімді бөлу туралы келісімдер Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік бергенін, алайда қазір үкімет "еліміз үшін жаңартылған әрі тиімдірек шарттармен" өнімді бөлісу келісімшарттарын ұзарту жөніндегі келіссөздерді жандандыруы керек деген.

Сарапшы Асқар Исмаиловтың пікірінше, Қазақстанның қай бағытта дамитынын алдағы 2–3 жыл айқындайды. Бұл процеске Қарашығанақ пен Қашаған жобалары бойынша арбитраж нәтижелері айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России