Қысқы Паралимпиада-2026: жарысты қайдан және қашан көруге болады?
Сағат 15:15-те парашаңғы жарысында Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Владислав Кобаль және Нұрлан Акимов стартқа шығады. Қазақстандық спортшылар 4х2,5 шақырымдық ашық эстафетаға қатысады.
Барлық жарысты Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от CSP-parasport.kz (@csp_parasport.kz)
Еске салайық, кеше, 13 наурызда, 28 жастағы қазақстандық Ербол Хамитов пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Отандасымыз 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды. Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!