Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

АҚШ Харк аралына соққы жасады. Трамп кемелерді бұғаздан әскердің көмегімен өткізетінін айтты

Президент Дональд Трамп АҚШ Иранның ірі мұнай терминалы орналасқан Харк аралына соққы жасағанын мәлімдеді. Трамп мұны “Таяу Шығыс тарихындағы ең сұрапыл соққылардың бірі” ретінде сипаттады. Оның сөзінше, аралда барлық нысан жойылған.

“Аралдағы мұнай инфрақұрылымын жермен-жексен етпей-ақ қояйын деп шештім. Ал бірақ Иран немесе тағы басқа Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін әрі қауіпсіз өтуіне кедергі келтірсе, шешімді қайта қараймын” деді Трамп.
Ол жақын арада кемелерге Ормуз бұғазы арқылы өтуіне АҚШ теңіз күштері көмектесетінін жеткізді.
Ол сонымен бірге Иранды қаруын тастап, “елде қалған нәрселерді құтқаруға” шақырды.
Иран экспорттайтын мұнайдың шамамен 90 пайызы Харк аралындағы мұнай терминалы арқылы өтеді. Ол Иран жағалауынан шамамен 24 шақырымда және Ормуз бұғазының солтүстігінен шамамен 480 шақырым жерде жатыр.
Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасағаннан кейін Иран күштері сауда кемелерін Ормуз бұғазынан өткізбей қойған. Соның салдарынан халықаралық нарықта мұнай күрт қымбаттаған еді.
Соққыдан мұнай инфрақұрылымына қаншалықты зардап келгені жөнінде әзірге мәлімет жоқ. Тегеран Трамптың айтқандарына тіке реакция білдірмеді, бірақ Иран әскері мұнай инфрақұрылымына щабуыл жасалса, АҚШ-пен әріптестік орнатқан мұнай компанияларына соққы жасайтынын ескертті.
Мұндай мәлімдеме Трамп таяу арада шабуылды күшейтуге уәде бергеннен кейін Пентагон Таяу Шығысқа әскери кемесін жіберіп, ондағы күштерін арттыра бастаған шақта жасалды.
Пентагондағы жоғары лауазымды тұлға Азат Еуропа/Азаттыққа 13 наурызда Пентагон шамамен 2500-дей әскері бар USS Tripoli кемесін жіберетінін айтты.
АҚШ орталық қолбасшылығы АЕ/АР-қа түсініктеме бермеді.
Axios басылымы да теңіз күштерінің жіберілетінін хабарлап, Пентагон аймаққа USS Robert Smalls ракеталық крейсері мен эсминең USS Rafael Peralta жіберетінін жазды.
"Алдағы аптада оларға қатты соққы жасаймыз" деді Трамп.
Ізінше АҚШ басшысы әлеуметтік желіде Иран "толық жеңіліске ұшырағанын және келісімге келгісі келетінін" айтып, "бірақ бұл біз қалаған келісім емес" деді.
ӘСКЕР КӨМЕГІМЕН ӨТКІЗУ
Бұған дейін Трамп АҚШ кемелерді Иран шабуылынан қорғау үшін Ормуз бұғазынан әскердің көмегімен өткізуге дайын екенін мәлімдеген және өзге де батыс елдері осындай қадамды қарастырып жатқанын айтқан.
Ізінше журналистердің осы бойынша сұрақтарына жауап берген Трамп "ол жақын арада болады" деді, бірақ нақты уақытын айтпады. АҚШ әкімшілігі халықаралық нарықта мұнай бағасының күрт өсуіне қатысты жедел шешім қабылдап жатыр.
Франция да қауіпсіздік қалпына келгеннен кейін Ормуз бұғазындағы кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін коалиция құру жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде екі француз шенеунігіне сүйенген Reuters басылымы жазды.
Мұнай бағасы күрт шарықтаған шақта Еуропа күштері де Ормуз бұғазындағы кемелерді қорғау амалдарын қарастырып жатыр. Дереккөздердің бірінің айтуынша, кемелерді қауіпсіз өткізу үшін Иранмен дипломатиялық келісімге келуге ұмтылған Италияға Франция да қосылып жатыр.
Дереккөздерге сүйенген Reuters-тің жазуынша, Иран Үндістанның туын ілген екі танкерге бұғаздан өтуге рұқсат берген.
ИРАН КӨШБАСШЫЛАРЫ МИТИНГІГЕ ШЫҚТЫ
Иранның бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары, оның ішінде президент Масуд Пезешкиан да бар, 13 наурызда жыл сайын атап өтетін Әл-Құдыс құрметіне арналған Тегерандағы митингіге қатысты.
Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарына қарағанда, сот билігінің жетекшісі Голам Эджеи, ұлттық полицияның бастығы Ахмад Реза Радан және сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иран астанасында мыңдаған адам қатысқан шараға келді. Мемлекеттік телеарна көрсеткен кадрлардан митинг өтіп жатқан шақта қала маңында түтін көтерілгенін байқауға болады.
Иранның жаңа көсемі – АҚШ пен Израильдің алғашқы соққысынан қаза болған әкесінің орнына келген Мұжтаба Хаменеи оның денсаулығына қатысты сұрақтар туындаған шақта жұрт алдына шықпады.
АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің айтуынша, Хаменеи жараланған болуы мүмкін. Ол Израиль мен АҚШ-тың Иранға соққысы жалғасып жатқан шақта оның елді басқару қабілетіне күмән келтірді.
14 наурызда Тегеран орталығында тағы да жарылыс естілді. Әзірге ол жөнінде ақпарат жоқ.
АҚШ ҰШАҚ АПАТЫНАН ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛЫП ЖАТЫР
АҚШ Ирактың батысында танкер ұшағы апатынан қаза болғандарды еске алып, қайғырып жатыр.
13 наурызда АҚШ қолбасшылығы экипаждың барлық алты мүшесі опат болғанын айтты. Оқиғаға тағы бір танкер ұшағы араласқан.
Осылайша соғыста қаза болған америкалықтардың саны 13 адамға жетті, ондаған адам жараланған. Негізінен Иранның Парсы шығанағындағы әскери базаларға ракетамен шабуылы кезінде зардап шеккен.
Франция да Ирандағы соғысқа қатысты қаза болған сарбазының қазасына қайғырып жатыр.
Президент Эммануэль Макрон Ирактың күрдтер автономиясында дрон шабуылы салдарынан француз сарбазы қаза болғанын растады. Ол Ирак күштерінің терроризмге қарсы миссиясына көмектескен.
"Ирандағы соғыс мұндай шабуылды ақтай алмайды" деді Макрон.
42 жастағы сарбаз бастапқыда ирандық "Шахед" дроны соққысынан қаза болды деп айтылды. Алайда әскерилер ізінше дронның моделін немесе ұшырылу орнын айту "әзірге ерте" деп мәлімдеп, тергеу жалғасып жатқанын жеткізді.
Франция АҚШ пен Израильдің әскери қимылдарына тіке қатысып жатқан жоқ.
ИРАН СОҚҚЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Иран Израильге соққысын жалғастырып жатыр. Израиль әскері 14 наурызда таңертең "әуе қорғаныс жүйесі қатерге тосқауыл қою үшін істеп тұрғанын" хабарлады.
Түркия өз аумағында ирандық ракетаны НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі атып түсіргенін хабарлады. Соғыс басталғалы бергі осымен үшінші рет "шабуыл" жасалып отыр.
Анкара өзінің соғысқа тартылмауына басымдық беріп отырғанын айтты.
"Елімізді соғысқа тартуға бағытталған астыртын әрекеттерге, қақпан мен арандатушылыққа өте сақ қарап отырмыз" деді Түркия басшысы Режеп Ердоған.
"Елімізді соғыс өртінен аулақ ұстау басты приоритет" деді ол.
14 наурызда Қатарда да жарылыс естілді. Елдің ішкі істер министрлігі кейбір аумақтардан тұрғындар эвакуацияланғанын хабарлады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России