Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Ұлттық кодтың өзегі: салт-дәстүр мен бүгінгі қоғам

Көктеммен бірге келетін Наурыз – жаңару мен бірліктің символы. Соңғы жылдары мереке тек бір күнмен шектелмей, онкүндік форматта аталып келеді. Наурызнаманың үшінші күні – 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

Бұл күн ұлттық мәдениеттің қоғамдағы орнын қайта саралап, дәстүрдің бүгінгі өмірмен байланысын бағамдауға мүмкіндік береді.

Ұлттың мәдени коды – дәстүр

Мәдениеттанушы Әсел Никамбекованың айтуынша, салт-дәстүр ұлттың тарихи жадын сақтайтын және қоғамның рухани тұтастығын қалыптастыратын негізгі құндылықтардың бірі.

– Қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау ең алдымен мемлекетіміздің азаттығының кепілі. Қазіргі уақытта постколониалдық дискурс, сананың отарсыздануы мәселелері ғалымдар тарапынан жиі айтылып жүр. Ақселеу Сейдімбек қазақ халқының мәдениеті үш бағытта дамығандығын айтады. Олар: сөз өнері, күй өнері, қол өнері. Адам дүниеге сәби болып келгеннен бастап, бақиға аттанғанға дейінгі бар ғұмырында жасалатын салт-дәстүр бүгінге халық ауыз әдебиеті арқылы жеткен, – дейді мәдениеттанушы.

Оның пікірінше, ұлттық құндылықтар халықтың тарихи қалыптасуымен тікелей байланысты.

– Кез келген ұлттың қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңдерден тұратыны белгілі. Ұлт болып қалыптасу үздіксіз жүретін құбылыс. Әсіресе біз секілді бірнеше ғасырға созылған отарлық езгіден кейін ұлттың бірегейлігіне қашан да қауіп болады. Сол себепті ұлтымыздың рухани қазынасы – ана тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының біріктіруші ықпалы зор, – дейді Әсел Никамбекова.

\Мәдениеттанушы ұлттық кодтың негізі тіл мен мәдени жадта жатқанын айтады.

– Мәдени жадынан айрылған ұлттың өмір сүруі ұзаққа бармайды. Мәдени кодтың негізі ана тілінде жатыр. Тіл арқылы адамның болмысы ашылады. Тіл дегеніміз рухтың құндылығы. Өмірге мән дарытатын да тіл. Ана тілінің қуаты елді біріктіріп қана қоймай, өркениетті қоғам жасай алады, – дейді ол.

Оның айтуынша, ұлттық мінез бен тәрбие күнделікті тұрмыстағы дәстүрлер арқылы қалыптасады.

– Әлихан Бөкейхан «ұлтты сүю білімнен емес, мінезден» дегендей, ұлттық мінез ұлттық тәрбиеден басталады. Қарапайым ғана сәлемдесу, дастархан басындағы әдеп, бата беру, күнделікті тұрмыс тіршілігіміздегі қаншама ырым-тыйымдар барлығы ұлттың мінезін қалыптастырады. Одан кейінгі сатысы адамның тұлға болып қалыптасуында маңызы бар шариғи білім – кісі ақысын жемеу, өтірік айтпау, ұрлық жасамау деген сияқты, – дейді мәдениеттанушы.

Әсел Никамбекованың айтуынша, қазіргі жастар ұлттық мәдениетке қызығушылық танытып келеді. Бірақ дәстүрдің мазмұнын түсіну маңызды.

– Қазіргі жастар жеке тұлғалық дамуға қатты көңіл бөледі. Жастардың ұлттық мәдениеттің құндылықтарына қызығушылығы ұлттық киім кию, өз тілімізде музыка тыңдау, қандай да бір тұрмыстық құралдар деңгейінен рухани деңгейге көтерілетін уақыты келді, – дейді ол.

Ал жастардың ұлттық мәдениетке көзқарасы еркін ойлаумен байланысты.

– Салт-дәстүрге құрметпен қарау ұлт ретінде сақталуымызға көмектеседі. Ұлттың болмысы дәстүрдің сыртқы формасын міндет деп орындағанда емес, ішкі мазмұнын жан-тәнімен қабылдағанда ашылады. Мемлекеттің мәдени капиталы – еркін ойлы жастар. Жастарды елін сүюге үйрететін жаттанды құрғақ сөзді қойып, алдымен еркін ойлауға, ертеңгі күніне сеніммен қарай алатындай жағдай жасалу керек, – дейді мәдениеттанушы.

Этнограф Бекен Қайратұлының айтуынша, қазақ қоғамында бұрын маңызды болған кейбір дәстүрлердің әлсіреуі байқалады.

– Қазақ дәстүрлерінің ішінде әулетке жаңа келген келін үлкен ақсақалдардың атын атамай, ат тергейді. Сосын қайын сіңілі-інілеріне ат қояды. Сол арқылы ол өзінің шеберлігін көрсеткен. Екінші жағынан олардың атын атау әдепсіз қылық саналады. Қазіргі жастар өзінің тегін қайын атасының атына өзгертіп алып жүр. Қазақтағы дәл осы сыйластық дәстүрі жоғалып бара жатыр. Қоғамға қайта енгізуге ең лайықты дәстүр осы. Өйткені ол әулеттің тұтастығын, сыйластығын сақтап тұратын тетік, – дейді этнограф.

Оның айтуынша, қоғамдық қатынастарды реттеген тағы бір дәстүр – сөзге тоқтау мәдениеті.

– Қазақта жоғалып бара жатқан дәстүрдің бірі – сөзге тоқтау. Жүйелі сөзге адам тоқтайды. Сөзге тоқтау үшін әуелі тыңдаушы адамда ақыл-парасат, таным болу керек. Бұл дәстүрдің жоғалғанына басты себеп – тілдік танымның жоғалуы. Халықтың бойындағы тілдік таным туралы түсінік өшіп бара жатыр, – дейді Бекен Қайратұлы.

Сонымен қатар ол қазақ қоғамында тәрбиенің қалыптасқан жүйесі болғанын айтады.

– Бала тәрбиесіне қатысты аталарымыздың бекітіп қойған концептуалды жүйесі бар. Баланы 5 жасқа дейін патшадай еркелет дейді. 13 жасқа дейін құлыңдай жұмса, одан кейін өзіңмен тең көр дейді. Осы ереже жоғалып кетті. Одан бөлек ешқашан қазақ баласына өтірік айтпайтын. Ал қазір бала жыласа, «алдымен үйге барайық, сосын алып береміз» деп алдай саламыз. Осы арқылы баланы өтірікке үйретіп жатырмыз, – дейді этнограф.

Оның пікірінше, қоғамдағы сенім дағдарысы да кейбір дәстүрлердің әлсіреуіне әсер еткен.

– Қазақта тағы бір жоғалып бара жатқан дәстүр – уәде мен аманатқа беріктік. Сенімсіздік пен өтіріктен, қоғамдағы сатқындықтан, жағымпаздықтың өріс алуынан уәде мен аманат жоғалып кетті, – дейді Бекен Қайратұлы.

Ал мәдениеттанушы Әсел Никамбекова дәстүрдің өзгеруіне қоғамдағы мәдени көзқарас пен білім деңгейі де әсер ететінін айтады.

– Ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрдің трансформацияға ұшырауын ауыр қабылдаймын. Мұның бәрі білімсіздіктен, салғырттықтан болып жатқан дүниелер. Өзгеріске түскен дәстүрдің шынайы мәні жоғалады. Одан соң мәдениет кері кетеді, – дейді ол.

Сонымен қатар ұлттық мұраны сақтау үшін мәдени саясаттың маңызы зор екенін атап өтті.

– Елімізде рухани мұраны тірілтуге бағытталған «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» сияқты жақсы бастамалар болды. Бірақ сол баяғы көзалдау, жалған есеп беру, ұраншылдықпен арыны басылып қалды. Қазақтың ұлттық санасы сілкініс жасап, ұлттық намысы оянса мәдени саясатта дұрыс жолға түсіп өз нәтижесін береді, – дейді мәдениеттанушы.

Оның пікірінше, ұлттық құндылықтарды сақтау қоғамдағы рухани бірлікті нығайтады.

– Салт-дәстүрдің қайта оралуы ұлттық рухтың өлмегендігінің белгісі. Азаттық жолында қанша зиялыларымыз жапа шекті. Сол үшін де қазақ халқына рухани бірлік қажет. Ол ана тілін құрметтеу, салт-дәстүрді кие тұту және адал еңбекпен мал табу, – деп түйіндеді мәдениеттанушы.

Айта кетейік, біз бұған дейін Наурызнаманың бір тармағы – Қайырымдылық күні аясында осы ұғымның мән-маңызын талдап берген едік.

 

Сообщение Ұлттық кодтың өзегі: салт-дәстүр мен бүгінгі қоғам появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России