Асылхан Асан фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Спортшы жекелей сайыста үздік нәтиже көрсетті.
Финалда Асан төрешілер шешімімен 103.35 ұпай жинады. Осылайша алтыннан алқа тақты.Қазақстандық тағы бір спортшы Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен екінші орын алды. Ал үшінші орынды Беларусь өкілі Владислав Вазнюк (92.00) иеленді.
Еске салайық, Асан мен Райымқұлов Италияда өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті. Сонымен қатар, Асан 2026 жылғы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшылар арасында ең жасы болды — сол кезде ол 16 жаста еді.
Италиядағы ойындарда Асан 18-орын, ал Райымқұлов 19-орын алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Assan Assylkhan (@assan_assylkhan)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!