ЖИ жасаған суреттерді қалай ажыратуға болады?
Қолдар мен аяқтар: ЖИ көбіне адамның қолдарын немесе аяқтарын дұрыс салып бере алмайды, оларда қос саусақ, қисық буын, немесе шындыққа сай келмейтін пропорциялар болады.
Көздер мен бет ерекшеліктері: Көздер әрқашан симметриялы болмайды немесе қас пен көз арасындағы арақашықтық қисық болады.
Фон мен заттар: ЖИ кейде фондағы объектілерді дұрыс орналастыра алмайды. Мысалы: кері жүріп бара жатқан адамдар, дұрыс емес орналасқан мектеп орындығы т.б
Мәтін мен логотип: суретке үніліп қарайтын болсақ, қате жазылған әріпті байқауға болады.
Синтетикалық эффекттер: шынайы фотоға қарағанда барлық объектілер бір деңгейде, бір жарықта болып, сапалы көрінеді.
Метадеректерді тексеру: суреттің файл ақпаратын тексерсеңіз, кейде “Generated by AI”, “MidJourney”,...