«АХЫСКА» ТҮРІК ОРТАЛЫҒЫ 200 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРДІ
2026 жылдың 19 наурызында Наурыз мейрамы және Ораза-айт мерекесі қарсаңында Жамбыл облыстық «Ахыска» этномәдени бірлестігі бірлестік төрағасы Махмуджон Давришевтің бастамасымен Тараз қаласындағы Grand Royal мейрамханасында өңірдің этномәдени бірлестіктері өкілдеріне және Тараз қаласының тұрғындарына – 200 адамға ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
Қасиетті Рамазанның соңғы күнінде бас қосқандар дастарханнан дәм татып қана қоймай, достық пен бірлікті, этносаралық қатынас пен татулықты нығайту мақсатында ізгі тілектермен де алмасты.
Мұндай үрдіс қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен тұрақтылықты нықтауда маңызды рөл атқарады.
Бұл мәдени және рухани құндылықтарды сақтауға, түрлі этностар өкілдері арасында өзара сыйластықты қалыптастыруға, сенім мен түсіністік ахуалын нығайтуға ықпал етуде. Сонымен қатар, осы қалыптас қайырымдылық шараларын өткізу – ұлттық дәстүрлер, бір-біріне деген құрмет пен диалог арқылы қоғамдық бірлікті нығайтуға, еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға болатындығының жарқын мысалы.
Сообщение «АХЫСКА» ТҮРІК ОРТАЛЫҒЫ 200 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРДІ появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.