Парламент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы Конституциялық Заңды қабылдады
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық Заң екінші оқылымда қаралып, қабылданды.
— Екінші оқылымға дайындау барысында Бірлескен комиссия Парламент депутаттары мен тұрақты комитеттердің ұсыныстарын қарап, жан-жақты талқылады. Депутаттардың түзетулері бойынша заң жобасының нормалары жаңа Конституция ережелеріне сәйкес келтірілді. Құжаттың атауы енді «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» ҚР Конституциялық Заңы болып өзгертілді, — деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 наурызда Парламент Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.
Сообщение Парламент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы Конституциялық Заңды қабылдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.