Иран президенті көрші елдерге тағы да үндеу жасады
Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерге тағы да үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Пезешкиан Тегеран "алдын ала соққы жасамайтынын" атап өтті. Алайда Иран өз инфрақұрылымы мен экономикалық орталықтарына жасалған кез келген шабуылға "барынша қатал жауап қайтаратынын" жеткізді.
"Егер дамуды да, қауіпсіздікті де қаласаңыздар, өз жеріңізде тұрып, жауымызға қосылып, бізге қарсы соғыспаңыздар", – деп жазды Иран президенті X әлеуметтік желісінде, аймақ мемлекеттеріне үндеу жолдап.
Бұған дейін Иран президенті Наурыз мерекесіне орай көршілес мұсылман елдеріне үндеу жасап, өз елінің көршілерімен қақтығысуды көздемейтінін мәлімдеген еді.
Оның сөзінше, Иранның көршілес мұсылман мемлекеттерімен текетіресінен ұтатын жалғыз тарап – "мемлекеттік терроризмге негізделген" Израиль режимі.
Пезешкиан АҚШ пен Израильдің шабуылдары аясында халықты бірлікке шақырып, Иранды "дауылдардың арасынан абыроймен алып шығу" қажетін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!