Өсімдіктер мен кемпірқосақ
Баяғы заманда жер бетіндегі өсімдіктердің барлығы тек жасыл түсті болыпты. Бір күні қатты жаңбыр жауып, олар қуанып, асыр салады. Жаңбырдың қалай басылғанын да байқамайды. Жапырақтар бетінде жаңбыр тамшылар қалады. Тамшылар да өсімдіктермен бірге ойнағысы келгендей түрлі түсті түске енеді. Дүние әдемі боп кетеді. Кенет өсімдіктер жаңбыр тамшыларынан әдемі біреудің өздерімен бірге күліп, ойнап, қуанғанын көреді. Оның сұлулығына таң қалады.
– Сен кімсің? – деп сұрайды одан Алма.
– Менің атым Кемпірқосақ, – дейді ол көзін қысып.
Өсімдіктер мен кемпірқосақ ертегісі
– Сен жаңбыр суының ішіне қалай кіріп кеткенсің? – дейді Алма таңданысын жасыра алмай.
– Мен жаңбыр суының ішінде емеспін, мен аспандамын, –...