Ананың анасы
Əйтілес аппақ, ақ қарбас, соқыр қарт етектей сақалын балуан бармақтарымен саладай тарап отыр еді. Күмістен құйғаңдай тұп-тұтас ақ сақалы кеудесін жауып:
— Оқыңдар шулап! Ақ-қ, тфу!.. — деп есіктен асыра түкіріп жібергенде, босағада отырған балалар селк етіп:
— Ағузе… Бесмелла, рəсіре… рəсіри… рəтүре… рəрире!.. — деп, қоя берер едік… …
Жалпақжаз. Сай-салада сағым ойнаған саршаның тамызы. Саясыз жайлаудың жан-жануары келге тығылып қана сая табады. Күннің көзінің өзі де күн ұзын көлге шомылып жанын сақтайтындай… Шалқыған шаңқай түс кезінде адамның көлеңкесі де саялауға жер таппай бауырына кіріп кетеді. Жалғыз-ақ, жүні түспеген көпей тайыншаға ұсап, қойшы-малшылар ғана жалба-жұлба тері тон мен жабағы күпісін...