Қуыршақтар
Көктемгі демалыстың кезі болатын. Далада күн жылы. Ұйқысы қанған құрбы қыздар бүгін де аула ішінде бас қосты. Әселдің қолындағы қуыршақ барлық жанарларды бірден тартып әкетті.
– Қандай әдемі! Шаштары тура біздікіндей екен. – Айдана өзінің шашын тартып көрсетті.
– Басқа қуыршақтарым сөреде тұр. Тастауға апам рұқсат бермеді.
Әселдің мақтанына Нұржамал мұрнын тыржитты. Өйткені, мектепте онымен достасқан емес еді. Бірақ, өзгелер оған үйірсек екен. Сірә, ойыншығы көп болғандықтан шығар.
– Күнде осы «Апельсин» ауласында ойнайтын болайық. Үйден де алыс емес. Бәлкім, ертең фарфор қуыршақтарымды әкеліп қалармын. Атақты маркадағы «Джорджтаун», «Эштен-Дрейка», «Мистер Александр» деген муклаларымды көрерсіңдер сонда.
– Ай-ай, Әсел! Шатаспа! Мукла...