Қазақстан 20 жаңа су қойманың құрылысын 2018 жылы бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 20 жаңа су қойманың құрылысын 2018 жылы қолға алады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында министрліктің су ресурстары комитеті су шаруашылық мекемелерін дамыту және пайдалануға беру басқармасының жетекшісі Мұрат Бейсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.