Шымкенте жас сарбаздар әскерге аттанды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімшесінің жаттығу алаңында жастарды ҚР Қарулы күштері қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.