«Дарабоз батыр Қабанбай» ғылыми-практикалық конференциясы өтті
![«Дарабоз батыр Қабанбай» ғылыми-практикалық конференциясы өтті](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170518195959.jpg)
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қаракерей Қабанбай батырдың 325 жылдығына арналған «Дарабоз батыр Қабанбай» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.