Добавить новость

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Тоқыраудың қарсыласы — технология мен инновация

Үнемі жаңару болмаса, даму да мүмкін емес екенін түсіндірген үш зерттеуші 2025 жылы экономикадан Нобель сыйлығын алды. Олардың идеясы — жай академиялық теория емес, табиғат пен адам ресурстарын қалай басқарғаны болашағына әсер ететін Қазақстан үшін айна іспетті.

«Власть» физикадан әдебиетке дейін 2025 жылы Нобель сыйлығына кімдер, қандай еңбегі үшін лайық болғанын мына мақалада айтқан еді. Енді экономист Қасымхан Қаппаров экономикадан Нобель сыйлығын алғандардың жұмысынан Қазақстан не үйрене алатынын талдайды.

Өсімге қатысты көзқарасты өзгерткен идея

Швеция ғылым академиясы лауреаттарды жариялағанда бүкіл әлемнің экономистері құрметпен бас шұлғыды: Джоэл Мокир, Филипп Агийон және Питер Ховитт әуелден-ақ прогрестің кездейсоқ емес екенін түсіндірген қауымнан еді.

Мокир Еуропаның ғасырлық тұралаудан қалай құтылғанын зерттеді: отарлаудан немесе ресурстан емес, қоғам білім мен экспериментті бағалай білуді үйренгеннен көтерілді. Ол мұны «индустриядағы ағарту» деп атады, яғни зияткерлік идеялар экономика қозғалтқышына айналды.

Агийон мен Ховитт жұмыстарында Йозеф Шумпетердің шығармашылық күйреу (creative destruction), яғни жаңа технологиялар мен кәсіпкерлердің жаңару арқылы өркендей отырып, ескі компанияларды ығыстырып шығаруы туралы идеясын өрбітті. Бұл хаос емес, экономика тіршілігіне қажет шарт.

Олардың теориясы ескі модель арқылы тұрақтылықты сақтап қалғысы келген елдің болашағы жоқ дегенді еске салады. Нағыз даму қоғам жаңа нәрсені қолдағанда, қателесуге құқық берген жерде болады.

Басқа елдер бұл идеяны қалай қолданды?

Лауреаттардың формулалары іс жүзінде пайдаға асатыны дәлелденіп жүр.

Оңтүстік Корея 1960 жылдары жан басына шаққандағы табысы $150 болатын аграрлық ел болды. Қазіргі кезде ол ғылымына, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына (ҒЗТКЖ) ЖІӨ-нің 4,9 пайызынан астамы жұмсалатын инновациялық экономика, бұл көрсеткіш Қазақстаннан 30 есе көп. Ел «шығармашылық күйреуге» бағытталған экожүйе құрды: мемлекет стартапқа инвестиция салады, бірақ жеңімпазды анықтау мүмкіндігін нарыққа қалдырады.

Финляндия 1990 жылдары КСРО-мен байланысты үзгеннен кейін дағдарысқа ұрынды. Дағдарысқа жауап ретінде білім мен инновацияға көп көңіл бөлді. Қазіргі кезде ел ҒЗТКЖ-ға ЖІӨ-нің шамамен 3 пайызын жұмсайды, жаһандық инновация индексі бойынша әлемдік үздіктердің ондығына кіреді.

фото Fobizz

Сингапур басты құндылығы ретінде адам капиталын таңдады. Машық пен цифрлық сауатқа салынған инвестицияның арқасында Оңтүстік-Шығыс Азияның қаржы мен технология орталығына айналды.

Бұл елдер жай ғана реформа жасаған жоқ. Олар ойлау тәсілін өзгертті: өзгерістен қорқуды доғарды, өсімді институциялық норма деп қабылдады.

Қазақстан: мұнай мен идея ортасында

Қазақстан үшін бұл мейлінше маңызды. Отыз жылдан бері ел экономикасы шикізат экспортына тәуелді болып келеді.

Қазақстан экспортының 70 пайызы — мұнай, газ бен металл. Мұнай-газ секторының үлесіне ЖІӨ-нің шамамен 17 пайызы мен бюджет кірісінің 40 пайызға жуығы тиесілі. Бұл тұрақтылық берді, бірақ икемділіктен айырды.

«Шығармашылық күйреу» теориясы батылдықты — өткеніңмен қоштаса білуді талап етеді. Қазақстанға өсу үшін азырақ өндіріп, цифрландыруда, аграрлық саланы қайта өңдеуде, жасыл энергетикада, білім беруде көбірек өнім жасау керек.

Мокирдің жазуынша, прогресс машинадан емес, идеядан басталады. Идея да ресурс. Тек оны тоннамен, баррельмен өлшеуге болмайды.

Адам капиталы: жаңа мұнай

Қазақстанның басты ресурсы — мұнай емес, адам. Инвестиция салса, олар білімі, энергиясы мен өзгеріске қабілеті мәңгі-бақи іске жарайтын капитал.

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, дамыған елдерде байлығының 64 пайызға дейіні адам капиталынан тұрады. Қазақстанда — 40 пайыздан аз. Білім беруге ЖІӨ-нің 3,6 пайызы, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдерде 5,5–6 пайызы жұмсалады.

Қазір елде 29 жасқа дейінгі 3,7 млн шамасында жас азамат бар, бірақ әрбір төртінші түлек мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды.

Адам капиталын қолдау — әлеуметтік практика емес, орнықтылыққа салынған инвестиция. Білім беру, машық, денсаулық пен кәсіпкер мәдениеті — жаңа даму валютасы.

Зерттеулер инновация мен адам — жаңа өсім негізі екенін дәлелдеді

2014 жылы Азия даму банкіне арнап әзірленген Innovative Asia: Advancing the Knowledge-Based Economy есебінде Қазақстан туралы тарауды жаздым. Сол кезде, он жылдан астам уақыт бұрын — егер ел білім мен технологияға белсенді түрде инвестиция салмайтын болса, оның өсімі төбеге барып тірелетіні анық деген болжам жасалды.

Фотоны Алмас Қайсар түсірген

Қазақстан «орта табыс тұзағына» түседі деген қатер бар екенін айттым, яғни ел енді өндіріс жасайтындай арзан емес, бірақ инновация жағынан бәсекеге әлі қабілетті емес. Айтқаным келді.

Өткен онжылдықта еңбек өнімділігі артқан жоқ десе де болады, ал Дүниежүзілік банк бұл кезеңді «текке кеткен онжылдық» деп атады.

Сол кезде, 2014 жылы дамудың кілті — мұнай да, экспорт та емес, идеясы бар адам деп жаздым. Әлі күнге дейін өзекті болып келе жатқан қарапайым үш қадамды ұсындым:

Білім беру мен ҒЗТКЖ реформасы — университеттерді кәсіпкерлік және зерттеу орталықтарына айналдыру.

Ғылым мен бизнесті интеграциялау — ғылым жаңалықтарын коммерцияға айналдыру үшін венчур қорларын құру, ынта беру.

Инновацияны өңірлерде дамыту — инновацияға елдің басқа да қалалары қосылуы үшін Алматы мен Астанадан тысқары жерлерде технология хабтарын құру.

Жаппай кәсіпкерлік: төменнен келетін энергия

Инновацияның барлығы зертханада туа бермейді. Кейде ол шағын қаладағы бір идеядан — наубайханадан, агростартаптан, хоббиін үлкен іске айналдырған дизайнерден басталады.

Қазақстанда 1,5 млн ШОБ субъектісі тіркелген, ЖІӨ-нің 35 пайызы мен жұмыспен қамтудың 37 пайызы солардың үлесінде. Алайда Оңтүстік Корея мен Польшада бұл 50–60 пайызға жетеді.

Жаппай кәсіпкерлік — экономиканың төменнен басталуы. Бұл мыңдаған шағын инновация, олар біртіндеп ел құрылымын өзгертеді.

Қазақстан: таңдау жасайтын сәт

Қазақстан тағы да жолайрықта тұр. 2024 жылы ЖІӨ өсімі 4,9% болды — аймақ үшін жаман көрсеткіш емес, бірақ оның артында қауіпті сан жасырынып тұр: инновацияға жұмсаған салым — 1 пайыздан аз. Экономика жаңа идеялар есебінен емес, үйреншікті болып кеткен кеніш өндіру мен экспортқа сүйеніп, инерциямен өсіп жатыр.

Ел алдында екі жол бар. Өндіруді жалғастырып, бюджетті мұнай мен металл бағасынан құрауды, ескі зауыттарды жаңартып, әлем нарығының тұрақтылығына үміт артуды жалғастыруға болады. Болмаса, адам капиталына, білім мен технологияға қолдау көрсетуге, экономиканы сыртқы конъюнктураға тәуелді етпей, өсім ел ішінде туатындай етіп қайта құруды, яғни өнім жасауды қолға алуға болады.

Қазақстан білім беруге, зерттеу мен инновацияға инвестиция үлесін ең болмағанда ЖІӨ-нің 6 пайызы көлемінде көбейтетін болса, өсім әлеуеті 2030 жылға қарай жылына 6-7% деңгейіне жетуі мүмкін. Бұл болжам емес, адамдарға ден қойған басқа елдердің дәлелденген тәжірибесі.

2025 жылғы экономикадан Нобель сыйлығы өсім деген жазмыш емес, таңдау екенін қаперіңізге салады. Жайлы өткен шақ пен батыл болашақ арасындағы таңдау.

Қазақстан ресурстар елі болып қала бере алады, идеялар елі болуға да қауқарлы. Қазіргі сәт осы таңдауды түйсініп жасауына соңғы мүмкіндік шығар, бәлкім. Өйткені нағыз байлық — жер қойнауынан тартылатын шикізат емес, ақылдан туатын нәрсе.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России