Өңір басшысы «Севказэнерго» АҚ ұжымымен кездесті
Кездесу барысында жылу-энергетикалық инфрақұрылымның сенімді жұмыс істеуі, облыс тұрғындарын жылумен және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Энергетиктер күн сайын қала мен өңірді жарық пен жылумен қамтып, тұрақты өмір сүрудің берік негізін қалыптастырып отыр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша компания кәсіпорындары 2,5 миллиард сағатына кВт электр энергиясын өндірді. Бұл ұжымның өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызын айқын көрсетеді.
Сондай-ақ жаңа Конституция аясында саланы дамыту жайында сөз қозғалды. Онда мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және қоршаған ортаны сақтау қағидаттары бекітілген. Энергетика саласының тұрақты әрі сенімді жұмысы осы қағидаттарды іске асырумен тікелей байланысты, өйткені бұл — халықтың өмір сапасы, экономиканың тұрақтылығы және өңірдің орнықты дамуының кепілі.