Добавить новость



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Иран. Хаменеидің өлімінен кейін аймақта қандай өзгеріс болуы мүмкін?

АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтар айы бойы Иранға соққы жасаймын деп сес көрсетумен болды, дәл сол уақытта елде мыңдаған адамның өмірін қиған жаппай наразылық болып жатты. Өткен сенбі күні ол қоқан-лоққысын жүзеге асырып, АҚШ пен Израильдің біріккен барлау жұмысының көмегімен елдің әскери басшылығын жойды. Иранның жоғарғы көшбасшысы, өлім сағаты таяғанын сезіп, билік транзитіне дайындық жасай бастаған аятолла Әли Хаменеи де өлді.

Енді Иран жолайрық алдында тұр. Сарапшылар Трамптың қолында әрі қарай әрекет ету жоспары жоқ дейді, ал Ирандағы ішкі ахуалдың қалай өрбитінін болжау қиын: режим күшеюі де, ел толық күйреуі де мүмкін.

Тағы да ядролық мәміле

Сенбі күнгі шабуыл екі маңызды оқиға кезінде болды: 6 мыңнан астам адамның өмірін қиған жаппай наразылық және АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарлама бойынша келіссөз. Бірінші жағдайда Трамп шерушілер өміріне қатерлі күш қолданған жағдайда Ислам Республикасының басшылығына соққы жасаймын деп айбат шекті. Бірақ дөңайбат көрсеткенімен, оны сол сәтте жүзеге асырған жоқ.

Екінші жағдайда Иранның ядролық қару жасаудан бас тартқанын көздейтін «ядролық мәміле» бойынша келіссөз жайы сөз болып отыр. Былтыр маусым айында АҚШ пен Израиль Иранның ядролық инфрақұрылымына соққы жасап, келіссөз процесін кідірткен еді.

Бірақ, наразылықтан кейін және АҚШ өңірдегі әскери күшін көбейткеннен кейін ақпанда Оман мен Швейцарияда келіссөздің үш раунды өтті. Бұлар айтарлықтай нәтиже берген жоқ.

«Тегеран бүлінген ядролық объектілеріне халықаралық инспекторларды кіргізуден бас тартса да, Құрама Штаттар қазіргі кезде Иранда уран байыту жасалып жатқан жоқ деп мәлімдеді. Иранның әскери мүмкіндігіне айтарлықтай нұқсан келтірген маусымдағы соққылардан кейін Иранның құрлықаралық баллистикалық зымыранының АҚШ аумағына жетуі тым күмәнді деуге болатын жағдайға жетті», — дейді Халықаралық дағдарыс тобының Иран жобасы директоры Әли Ваез.

Трамп Иранның ядролық амбициясына АҚШ төзіп отырмайды деп мәлімдеп, ядролық бағдарламаны және зымыран арсеналын қайта қолға алмақшы деген уәжбен 28 ақпанда Иранға шабуыл жасауға рұқсат етті.

«Біздің мақсат — Иран режимінен келетін тікелей қауіпті жойып, Америка халқын қорғау. Олар өте қауіпті және жексұрын адамдар. Олардың қызметі Құрама Штаттарға, біздің әскерге, шетелдегі біздің базаларға және әлемдегі одақтастарымызға тікелей қатер төндіріп отыр», — деді ол.

АҚШ-тағы әскери шеру, фото The New York Times

«Жойқын» операция

BBC, The New York Times, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ пен Израильдің барлау қызметі Иранның жоғарғы көшбасшысының жүріп-тұрғанын бірнеше ай бойы бақылап, бірнеше сағат бұрын ғана операция өткізу туралы шешімге келген.

Олар Иранның әскери басшылығы мен аятолла Хаменеи сенбі күні таңертең Тегеран орталығында кездесу өткізетінін білген. Таңғы 6 кезінде Израильден алысқа ататын және өте дәл оқ-дәрімен қаруланған жойғыш ұшақтар ұшып шықты. Соққы нәтижесінде жоғары лауазымды әскери шенеуніктер өлді, олардың ішінде қорғаныс министрі мен Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) қолбасшысы бар.

Кейінірек аятолла Хаменеидің де өлгені белгілі болды.

Израиль мен АҚШ Иранның зымыран қондырғыларына, ӘҚҚ жүйесіне және команда орталықтарына да соққы жасады. Израильдің ресми өкілдері Иран аумағында әуе кеңістігінде үстемдікке қол жеткізгенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, Иранның әуе қорғаныс жүйесінің шамамен 80%-ы, ал зымыран ұшыру қондырғыларының 60%-ы істен шығарылған.

Тегеранның ресми мәліметтері бойынша, әуе соққыларының бірі ел оңтүстігіндегі ИРСК әскери-теңіз базасына жақын жерде орналасқан қыздарға арналған бастауыш мектепке де тиді. Салдарынан кемінде 175 адам қаза тапты.

Иран Қызыл Жарты ай ұйымы дүйсенбі күні әлеуметтік желілерде Америка мен Израиль жасаған шабуыл салдарынан Иранда 1,230 адам қаза тапқанын хабарлады.

Трамп бұл операцияны «Жойқын қаһар» деп атады.

Тегеранға жасалған соққы, фото The New York Times

Аймақ соғысы ма?

Жоғарғы қолбасшылардың көзі жойылса да, Иран билік вертикалін тез арада қалпына келтіруге тырысты. Хаменеи өлімінен кейін билік үш адамнан құралған кеңес құрды — президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституция сақшылары кеңесінің мүшесі, аятолла Әлиреза Арафи.

«Бізді тізе бүктіргісі келген әлемдік державалар кезекке тұрып жатыр… олар бізге қандай қиындық тудырып жатқанына қарамастан тізе бүкпейміз», — деді Пезешкиан мемлекеттік телевидениеден тікелей эфирде сөйлеген кезінде.

Шабуылға жауап ретінде Иран аймақтағы америкалық әскери базаларға және Израильге зымыран мен ұшқышсыз аппараттарды қарша боратты. Израильге жасалған соққы нәтижесінде кем дегенде 10 адам қаза тапты. Оларды «Хезболланың» Ливандағы тобы да атқылады, бұл қарымта шабуылға әкеп соқты және Ливанда шамамен 77 адамның өмірін қиды.

Қатар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі және Бахрейндегі базаларға соққы жасалды. Ол жақтарда алты америкалық әскери қызметші қайтыс болды.

Иран дрондары азаматтық инфрақұрылым нысандарына жиі тиді. Таяу Шығыстың іскерлік орталығы саналатын Дубайда бес жұлдызды қонақүйлер мен көп қабатты қымбат үйлер өртенді. Көп адам елден шыға алмай қалды, олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар.

Парсы шығанағы елдерінде кем дегенде сегіз адам қаза тапты, жүзден астам адам жарақат алды. Оманда мұнай танкеріне шабуыл жасалды деген хабар тарады, экипаждың бір мүшесі, Үндістан азаматы қайтыс болды.

БАӘ-не жасалған соққы нәтижесі, фото Associated Pres

«Біздің сіздерге шабуыл жасайтын ниетіміз жоқ. Бірақ сіздердің елдеріңіздегі базалар бізге қарсы қолданылғандықтан, біз соларды атқылап жатырмыз», — деді Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Әли Лариджани.

Парсы шығанағындағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесі Иранның шабуылына қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ, себебі қарымта соққы жасаса, Израильге біртабан жақындай түсер еді. Дегенмен, аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қорғау үшін Иран шабуылына жауап беру нұсқасы күшінде қала береді деген мәлімдеме жасалды.

«Бұл жауапсыз қалмауға тиіс. Біздің халыққа бағытталған бұл шабуылдың құны өтелуі керек», — деп оқиғаға пікір білдірді Қатар дипломаты Маджед әл-Аңсари.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдіріп, алдымен хат жолдады, кейін Қатар, БАӘ, Бахрейн мен Оман басшыларына телефон шалды.

Сонымен қатар, ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«Осы жағдайда бізге бәрінен бұрын геосаясатпен байланысты мәселелер қатер төндіреді, — дейді саясаттанушы Досым Сәтбаев. — Біріншіден, Иран біздің Каспий арқылы шектесетін көршіміз, ол жақта ірі мұнай-газ кен орындары бар. Қауіп Каспий жағына өтіп жатса, қатер төнеді. Бұдан бөлек, Иран — ірі мемлекет, егер АҚШ ішкі ахуалды шайқалтуға тырысып, белгілі бір оппозиция күштерін қолдайтын болса, бұл радикал күштердің күшеюіне, ұзақ уақытқа тұрақсыз аймақтардың пайда болуына әкелуі мүмкін».

Сарапшы радикализмің өсуіне алып келген Ауғанстандағы соғысты мысалға келтірді. Сонымен қатар, Сәтбаев азамат соғысы болып жатса туындауы мүмкін гуманитарлық дағдарыстың әсері Орталық Азияға және Әзербайжанға тиюі мүмкін деп санайды.

«Иранда Әзербайжанның ірі диаспорасы тұрады, оларға үлкен қысым болатыны анық. Қазақстан Иранмен тіке шектеспейді, бірақ Орталық Азияның басқа елдері тығыз қарым-қатынас орнатқан. Сондықтан бұл аймаққа әсер етеді. Бірақ, бір жағынан Ауғанстандағы жағдайды алып қарайық. Билікке Талибан келгеннен кейін Орталық Азия елдері мен Қазақстан гуманитарлық көмек хабына айналды, бұл әлем алдындағы біздің дәрежемізді көтерді», — дейді ол.

Ирак астанасы Бағдаттағы Америка елшілігі алдына жиналған шерушілер, фото Agence France-Presse

Хаменеи өліміне дайындалды ма және Иранды қазір кім басқарады?

Иран мен ИРСК жоғарғы басшыларының ақпаратына сүйенген БАҚ мәліметі бойынша, жалпыұлттық наразылық пен Трамптың сес көрсетуінен кейін 86 жастағы аятолла Хаменеи өзіне қастандық жасалып жатса деп билік транзитіне және Ислам Республикасының амандығына арналған жоспар әзірлеп қойған.

«Хаменеидің өмірге көзқарасы шынайы және шахид болуды ойлады», — деді Джонс Хопкинс атындағы озық халықаралық зерттеу мектебінің Иран жөніндегі сарапшысы Вали Наср.

Хаменеи басшылық лауазымдағы адамдардың барлығына саны төртеуге дейін баратын мұрагерлерін тағайындауды және өзі өлген жағдайда шешім қабылдау үшін міндетті ең сенімді деген адамдарға үлестіруді тапсырды. Олардың арасынан Ислам революциясы сақшылар корпусының бұрынғы қолбасшысы және Жоғарғы қауіпсіздік кеңесінің қазіргі басшысы, 67 жастағы Әли Лариджаниді ерекше атауға болады.

«Оның билікке келуі кардиохирургтан саясаткерге айналған, лауазымына келіп ауыр жылды бастан кешкен, әлі күнге дейін «мен саясаткер емес, дәрігермін» деп жүрген президент Масуд Пезешкианды екінші орынға ығыстырды», — деп жазады The New York Times. Әрі Пезешкиан көп мәселеге келгенде Лариджани шешіміне тәуелді дейді.

NYT басылымының хабарлауынша, қаңтар айында Лариджанидің танымалдығы біраз артты: Ол консультация үшін Владимир Путинмен кездесуге Мәскеуге ұшып барды, Таяу Шығыс басшыларымен кездесті және бұқаралық ақпарат құралдарына президенттен де жиі сұхбат берді.

Иран заңнамасына сәйкес Лариджани жоғарғы көшбасшы лауазымына тұра алмайды, себебі ол дінбасылар қатарында жоқ. Әйтсе де, оның билік вертикаліндегі рөлі дағдарыс кезеңінде маңызды болып қалады.

«Сионист қылмыскерлер мен арсыз америкалықтар істеген ісіне өкінетін болады», — деді ол шабуылдан кейін. 

Али Лариджани, фото ZUMAPRESS

Әрі қарайғы сценарий

Екі рет соққы жасағаннан кейін Трамп ирандықтарға үкіметтеріңді бақылауға алыңдар деп үндеу тастады, ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл шабуыл Иранның батыр халқы тағдырын өз қолына алуына мүмкіндік бере алады деді.

Ирандағы репортерлердің мәліметі бойынша, ирандықтардың бір бөлігі Хаменеи өлімін қуана қарсы алды.

«Біз далаға жүгіріп шықтық, бар даусымызбен айғайладық, күлдік, көршілермен биледік», — деді қаңтарда шерушілер арасында болған 53 жастағы Тегеран тұрғыны Сара.

Енді біреулер Иран туын желбіретіп, жоғарғы көшбасшының фотосуретін ұстап, көшеде аза тұтты.

Әйтсе де, сарапшылар режимді төменнен ауыстыру — жалғыз сценарий емес деп санайды.

«Режимді құлата алатын халық көтерілісіне апаратын жол айқын емес. Бомба инфрақұрылымды қиратуы мүмкін. Ол көшбасшылардың мүмкіндігін әлсіретуі және жоқ қылуы мүмкін. Бірақ ол ұйымдасқан саяси балама құра алмайды. Иран қоғамы қарусыз, тіпті әлсіз режимнің өзі ИРСК және барлау сияқты репрессия институттарын сақтап қалады», — деді Халықаралық дағдарыс тобы Иран жобасының директоры Әли Ваез.

Карнеги қорының аға ғылыми қызметкері Карим Саджадпур Иран қоғамының шашыраңқылығы, Иран оппозициясының біріктіруші тұлғасы болмағаны ахуалды қиындата түседі дейді.

«Көп адам бұрынғы шахтың ұлы Реза Пехлеви төңірегіне бірікті, десек те монархияны жақтаушылар өзгеріске бастайтын қозғалыс болуы мүмкін. Сонымен қатар, ирандықтардың жік-жікке бөлінгенін, этникалық топтар арасында алауыздық бар екенін ескерсек, мемлекет күйреп, азамат соғысы болуы да ықтимал», — дейді зерттеуші.

ИРСК, фото CNN сайтынан алынды

Американың Әскери-теңіз мектебінің профессоры Мохаммед Хафездің пікірінше, әлемдік экономикаға ықпал ету үшін режим қазір аймақта қақтығысты өршітуге тырысуы мүмкін. Саджадпур да оның сөзін қолдайды, Парсы шығанағы елдерінің жағдайы осал, Иран мұнай бағасын шарықтату үшін олардың жетістігін жоқ қылуға тырысуы мүмкін дейді.

Қазірдің өзінде мұнай бағасының көтерілуі 10 пайыздан асып кетті, ал Иран әлем тұтынатын сұйық мұнайдың 20 пайызы тасымалданатын Ормуз бұғазын қауіпті орынға айналдырамын деп сес көрсетіп отыр.

«Олар [Иран режимі] үшін бұл киелі соғыс, сондықтан берілгеннен гөрі елді және аймақты отқа орауға дайын секілді», — дейді Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропа кеңесінің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бағдарламасы басшысының орынбасары Элли Геранмае.

Сонымен қатар, сарапшылар бұл дағдарыс режимнің қатаюына әкелуі мүмкін деп санайды.

«Ел ішінде режим дағдарыстан бүтін шығып, Солтүстік Корея секілді, мыңдаған ирандықты өлтіргеннен кейінгі соңғы апталар кезіндегі күйінен де қатігез болуы мүмкін», — деп санайды Ваез.

Тараптардың келіссөзге оралуы да ықтимал жағдай. Тіпті Трамп дүйсенбі күні Иран келіссөзге шақырды деп мәлімдеді, бірақ Лариджани бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Зерттеушілер Иранға қарсы операция нақты мақсатсыз және нақты деэскалация жоспарынсыз басталды, Трампта әрі қарайғы іс-қимыл жоспары жоқ дейді. Ол тек АҚШ Иранға шабуылын төрт немесе бес апта жалғастырады деп мәлімдеді.

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға АҚШ қатысуы керек деді.

«Біз Иранды болашаққа бастайтын адамды таңдау процесіне қатысқымыз келеді. Сонда бізге әр бес жыл сайын осы мәселеге қайта-қайта оралып отырудың қажеті болмайды. Біз бұл адамның халыққа да, елге де пайда әкелгенін қалаймыз», – деді ол.

Трамп соңғы сайлау науқаны кезінде жаңа соғыс бастамауға уәде берді, биыл тіпті Палестинаны қалпына келтірумен айналысатын «Бейбітшілік кеңесін» құрды. Қазақстан осы кеңеске мүше болды, алғашқы кездесуде президент Тоқаев бітімгерлік талпынысты марапаттайтын Трамп атындағы сыйлық құруды ұсынды.

«Иранның ядролық қаруға ие болғанынан немесе АҚШ пен оның одақтастарына шабуыл жасалады деген тікелей қатер болған жоқ. Былтыр маусым айында болған соғыстың нәтижесінде Иран өзінің әуе кеңістігін бақылай алмайды, оның аймақтағы одақтастары жойылды және халық көтерілісінің салдарынан экзистенциялық үрей кешіп жатыр», — дейді Саджадпур. 

«Тарихшылар осы сәтке үңілген кезде мұны қажеттілікке емес, таңдауға байланысты пайда болған соғыс деп қарастырады», — деді ол.

«Қазір халықаралық құқық теңселгенін көріп тұрмыз. Күштінің таяғы басты орынға шығып отыр. Біз ХІХ ғасырдағы жағдайға оралдық, сол кезде мықты ойыншылар өзге мемлекеттердің тағдырын шешкен еді, — дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев. — Тіпті бұрын халықаралық құқық апологеті болған еуропалық елдердің өзі Иран режимінің құлағанын қалайды. Бұл жерде басқа елдерге үлкен қатер төніп тұр. Әлем қасқыр, шибөрі және қой болып бөлінген кезде, қой кейпіндегі мемлекеттерге бұл жақсылық әкелмейді».

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России