Добавить новость
Новости по-русски

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Жаңа Конституция билік вертикаліне қандай өзгеріс әкеледі?

Қаңтар айының соңында конституция комиссиясы Қазақстан Ата заңының жаңа нұсқасын жариялады, комиссия мүшелерінің айтуынша, ол «қоғам сұранысы мен уақыт талабына сәйкес келеді». Бұл Конституцияның бастапқы редакциясы, оған әлі де түзету енгізілуі мүмкін, ал соңғы нұсқасы референдумға шығарылады.

Конституция жобасына жасалған талдау президенттің өкілеттігі күшейетінін, биліктің қалған органдары әлсірейтінін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, мемлекет ұлттық мүддені және азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау деген желеумен қоғамды бақылауға көбірек мүмкіндік алады.

Президент

(46, 47, 56, 62-баптар)

Конституцияның жаңа редакциясына сәйкес, вице-президент кандидатурасын президент өзі ұсынады және оның өкілеттігін өзі анықтайды. Вице-президент маңызы бойынша елдегі екінші адам болады, форс-мажор жағдайда президенттің өкілеттігі соған өтеді. Ата заңның қазіргі нұсқасында өкілеттік сенат төрағасына беріледі делінген, бұл парламент рөлін ресми болса да күшейтетін. Бірақ екі палата құрылтай болып біріктірілгеннен кейін президент міндеттері парламент төрағасына өтуі үшін одан вице-президент бас тартуы керек.

Мемлекет басшысы парламент мақұлдауына премьер-министр, Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мүшелері, Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) қызметкерлері, Жоғарғы сот судьялары кандидатурасын ұсынады.

Президент Конституциялық сот төрағасын өзі тағайындайды, оның судьялары лауазымына 11 кандидаттың онын құрылтайда бекітеді. Бұрын судьяларды президент, сенат пен мәжіліс тағайындайтын.

Сонымен қатар, президент Ұлттық банк, Жоғары сот кеңесі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағаларын, Бас прокурорды және адам құқықтары жөніндегі уәкілді парламентпен келіспей тағайындауға құқық алады. Бұрын бұған сенаттың мақұлдауы қажет еді.

Сондай-ақ, вице-президент, премьер-министр, Конституциялық сот судьялары, ОСК және ЖАП мүшелері лауазымына мемлекет басшысы таңдаған кандидаттарды парламент екі рет қабылдамайтын болса, ол құрылтайды тарата алады.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты құрылтай жұмысы тоқтаған кезеңде президент конституциялық заң немесе Қазақстан заңының күші бар жарлық шығара алады (42-бап 2-т.). Конституцияның қазіргі нұсқасында президенттің ондай құқығы жоқ.

Мемлекет басшысы өкілетті және атқарушы билік институттарынан жоғары тұратын, қоғамның барлық тобының өкілі кіретін Халық кеңесінің 126 мүшесін тағайындайды. Конституцияда кеңес мүшелерін сайлаудың ешқандай түрі қарастырылмаған.

Конституцияның бұрынғы және жаңа нұсқаларына сәйкес, референдум мен еркін сайлау азаматтардың саясатқа араласуының жалғыз тәсілі болады. Бірақ референдум өткізу туралы шешімді президент қабылдайды.

Осылайша қазақстандықтардың саяси белсенділік траекториясын президент анықтайды және бақылауда ұстайды. Постсоветтік саяси режимдердің тарихы референдумға билік қабылдап қойған шешімдер, соның ішінде президент өкілеттігін ұзарту, Конституциядағы шектеулерді қайта қарау, парламент пен басқа институтты тарату туралы шешімдер шығарылып жүргенін көрсетіп отыр.

Парламент

(46, 53-56-баптар)

Мәжіліс пен сенатты құрылтайға біріктірудің жағымды жағы да, жағымсыз жағы да бар. Реформаның арқасында заңдарды қарау процесі жылдамдай түседі, себебі парламентке енді оны екі кезеңге бөліп қараудың қажеті жоқ. Екінші жағынан, парламент талқысының онсыз да әлсіз деңгейін тіпті төмендетіп жіберуі мүмкін.

Депутаттар бұрын да заңды санаулы сағатта қабылдап жіберетін кездер болатын. Алайда оны сенат алдынан өткізу қажеттігі мақұлдау процесін ұзартып, теория жүзінде талқыға қосымша кеңістік беруші еді. Мұндай талқыда сыни сұрақтар өте сирек қойылып жүрді, енді мұндай мүмкіндік тіптен азайып кетті. Бұдан бөлек, құрамы мен құру тәсілі әртүрлі екі палата депутаттарының заң жобаларына мұқият сараптама жүргізуге мүмкіндігі болды.

Парламент вице-президент, премьер-министр, ОСК мен ЖАП мүшелері лауазымына кандидаттарды, Жоғарғы сот судьяларын және Конституциялық соттың 10 судьясын бекіте бастайды. Айта кетер маңызды жайт — кандидаттарды президент ұсынады.

Құрылтай президенттің заң жобасына қатысты қарсылығын бұрынғыдай депутаттар дауысының төрттен үш бөлігімен еңсере алады. Бірақ, бұрын бір-бірінен қағаз жүзінде болса да тәуелсіз саналған екі палатаның орнына енді бұл норма біртұтас органға қолданылады. Бұрын депутаттар онсыз да президентпен сөз таластырмайтын, енді мемлекет басшысы олардың келісіміне әлдеқайда оңай қол жеткізе алады.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

Құрылтай үкіметке сенімсіздік вотумын жариялау құқығын сақтап қалды, ол үшін депутаттардың бестен бір бөлігінің дауысы қажет, яғни 29 адам мұны қолдауы керек. Бұрын мәжілісте осындай құқық болған кезде, сенімсіздік вотумы мәселесін көтеруге 20 депутат жеткілікті еді.

Конституцияның жаңа редакциясында парламент республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерту мен толықтыру енгізеді деген жазу жоқ. Енді құрылтай үкімет пен жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін тек талқылайды және бекітеді (56-бап 16-т.).

Сонымен қатар, парламентте енді Бас прокурорды, Жоғарғы сот төрағасын және адам құқықтары жөніндегі уәкілді дербес құқықтан айыру құқығы болмайды. Бұл үшеуі де президентке ғана бағынады.

Халық кеңесі

(58, 60, 70, 71, 92-баптар)

Жаңа конституция Халық кеңесі деген институтты қолданысқа енгізеді, ол ішкі саясатқа қатысты ұсыныстар мен кеңестер шығарады.

Оған 126 адам кіреді — этномәдени және ірі қоғамдық бірлестіктерден, мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден 42 өкілден болады. Оларды президент іріктеп алады. Кеңестің тек төрағаны сайлауға мүмкіндігі болады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Халық кеңесі құрамына барлық этностың, түрлі санаттағы азаматтардың және аймақтардың өкілдері кіретін жаңа мемлекеттік орган болады.

Кеңес қазіргі екі құрылымның орнына келеді — этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен құралған және парламентке өкілін қосқан Қазақстан халқы ассамблеясы, сондай-ақ 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған алаң — Ұлттық құрылтай.

Халық кеңесі құрылтайға заң жобасын ұсынуға және парламентпен қатар бүкілхалық референдум тағайындау туралы бастама көтеруге құқылы. Алайда референдум өткізу туралы шешімді бұрынғыдай президент қабылдайды.

Конституцияны халықаралық келісімшарттардан жоғары қою

(5-бап)

Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан заңдарының күші халықаралық келісімшарттардан жоғары болады. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов былай түсіндірді: халықаралық нормаларда азаматтардың құқығы мен еркіндігіне кері әсерін тигізген қайшылықтар жиі ұшырасты.

Дей тұрғанмен, жаңа Конституция мойындалған халықаралық құқық нормаларының және Қазақстан ратификациялаған қолданыстағы халықаралық келісімшарттардың заңды күшіне шек келтірмейді дейді депутат.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосуреті

Қысқасы, мемлекетке халықаралық нормаларды Конституцияға қайшы келеді деп тануға жол ашылады. Бұған ұлттық мүддені қорғау, сондай-ақ азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау негіз бола алады. Айрықша жағдайларға жаңа конституциялық заңдар қолданылуы мүмкін.

Арнаулы құқық режимдерін қолдану

(5-бап, 6-тармақ)

Астананы ғана емес, басқа да өңірлерді қарқынды дамыту үшін арнаулы құқық режимі белгіленуі мүмкін. Ол мемлекеттік басқару мен сот жүйесі ерекшеліктеріне қатысты болады. Жекелеген елді мекен «қарқынды дамитын қала» статусын алуы мүмкін, мұндай режим қазір Алматы облысындағы Алатау қаласына қолданылады.

Дін мемлекеттен бөлек

(7-бап)

Конституцияның жаңа нұсқасында дінді мемлекеттен бөлек қарастыру туралы норма пайда болды. Діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асуға тиіс және конституциялық құрылысты, адам құқығы мен еркіндігін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шектелуі мүмкін.

Ұлттық мүддеге байланысты азаматтықтан айыру

(12-бап)

Конституцияның жаңа редакциясында ел билігі адамды азаматтықтан айыруға қолданатын себеп ішінара өзгертілді. Онда бұрынғыдай азаматтықты террористік қылмыс жасағаны үшін қайтарып алу қарастырылған. Бірақ себептің екінші бөлігінде «Қазақстанның өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіру» деген жері «Қазақстанның ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтірген» болып өзгертілді.

Бұрынғы нұсқасы да, «ұлттық мүдде» де екіұшты ұғым болуына байланысты түрліше қабылдана береді. Сондай-ақ, осы ұлттық мүдделерді анықтауға кімнің өкілеттігі бар екені, оны бекіту процедурасы қандай болатыны түсініксіз.

Адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетi

(20-бап)

Конституцияның бұрынғы нұсқасында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды деп айтылған еді. Жаңа редакцияда «ар-намысқа» да тиісуге болмайды және «қадір-қасиет» сияқты заңда қорғалады. «Ар-намыс пен қадір-қасиет» — дәлме-дәл анықталуы қиын санаттар.

Жеке өмір құпиясы

(21-бап)

Қазіргі Конституцияда әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының және қаражатының құпиясы болуына құқығы бар деп айтылған. Жаңа нұсқада осы ақпаратқа қол сұғылмау шартсыз емес және заңға тәуелді болады. Оның үстіне заң белгілі бір жағдайда осы құқықты шектеуі мүмкін. Мұндай айрықша шарт бұрынғы нұсқада да болды, бірақ жеке құпия шартсыздығының жойылуы мемлекет тарапынан араласуға себепті көбейтуі мүмкін.

Партияда және дінде болу

(22-бап)

Қазіргі Конституция азаматтарға өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге тікелей рұқсат етті. Құжаттың жаңа редакциясында қай ұлтқа жататыны ғана қалды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России