Ф.Могерини: Қазақстан - аймақтағы Еуроодақтың басты сауда серіктесі
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО-ның шетел істері және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини «ҚазАқпаратқа» берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы орны, Орта Азия аймағының Еуропалық одақ үшін маңызы, Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімі, Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі Қазақстанның бастамалары туралы әңгімелеп берді.