Ақтөбеде ҚР ҰЭМ өкілдері аграршыларға Жер кодексіне енгізілген өзгерістер жайлы түсіндірді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімдігінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Оған ведомствоның вице-министрі Қайырбек Өскенбаев төрағалық етті. Жер кодексінің нормалары мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясындағы өзге де заңнамалық актілер түсіндірілді.