Сәтбаев қаласында МЖӘ аясында гемодиализ орталығы ашылады
ҚАРҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәтбаевта бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін жаңа диализ орталығы ашылуға дайындалып жатыр. Ол Орталық қалалық аурухананың аумағында (Сәтбаев қаласы, Құсайынов көшесі, 9) орналасады және 30 науқасқа есептелген, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.