Қазақстандық делегация Меккедегі ИЫҰ 14-ші саммитіне қатысты
![Қазақстандық делегация Меккедегі ИЫҰ 14-ші саммитіне қатысты](https://www.inform.kz/images/uploads/5135131031.jpg)
МЕККЕ, 2019 жылғы 1 маусым - Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі - Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) «Болашаққа бірге» тақырыбындағы мерейтойлық саммиті 14-ші сессиясының жұмысына қатысты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.