Еңбек министрі «АрселорМиттал Теміртау» ұжымына Президент Жолдауын түсіндірді
![Еңбек министрі «АрселорМиттал Теміртау» ұжымына Президент Жолдауын түсіндірді](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/10/04/191004224540339a3572317i.jpg)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға барып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.