Париж Олимпиадасында бақ сынайтын Ислам Сәтпаевтің қандай жетістіктері бар
АСТАНА. KAZINFORM – Спортшылардың басты арманына айналған Париж Олимпиадасы күн санап жақындап келеді. Әлемдік дүбірлі додаға қатысатын саңлақтарымыздың бірі - нысана көздеуден ел намысын қорғайтын – Ислам Сатпаев. Ол Париж Олимпиада ойындарында нысана көздеуден Қазақстан үміт артатын басты спортшылардың бірі. Жерлесіміз төртжылдықтың басты додасының жолдамасына 2023 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында қол жеткізген болатын.