Сарыбаев Болат
Болат Сарыбаев (1927-1984) — музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты.