Добавить новость
World News



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Жаңаөзенде саяси тұтқындарды босатуды талап еткен бірнеше белсенді қамалды

Жаңаөзенде бірнеше күн наразылық акциясын өткізіп, саяси тұтқындарды босатуды талап еткен кем дегенде алты белсенді он тәулікке қамалып, тағы бір белсендіге ескерту берілді. Оларға "бейбіт митинг заңын бұзды" және "полицияға бағынбады" деген айып тағылған. Бұл туралы Азаттыққа белсенділердің жақындары хабарлады. Ақпаратты Маңғыстау облыстық соты мен полиция департаменті растады.


Полиция 20 тамызда түнде үйінен алып кеткен белсенді Мұратбай Жұмағалиевтің інісі Нұрғазы Жұмағалиевтің сөзінше, он тәулікке қамалғандар арасында ағасынан бөлек, Нұрлыбек Нұрғалиев (2011 жылы Жаңаөзен оқиғасында тамағынан оқ тиіп жараланған), Нұржан Наренов, Ғазез Махамбетов, Күнсұлу Әйтешова және Мұхтар есімді белсенді бар.


- Барлығын полицияның арнайы жасағы бір күнде ұстап алып кетті. Нұрлыбек Нұрғалиевті көшеде көлігімен келе жатқан кезде күштеп алып кетсе, Күнсұлу Әйтешованы таңғы алтыда жұмыс кезегін тапсырып жатқан жерінен арнайы жасақ күштеп автобусқа салып алған. Бір тәуліктен соң оны Ақтауға алып кеткенін анықтадық, - деді ол.


Нұрғазы Жұмағалиевтің айтуынша, ұсталғандарды Маңғыстау облысының Жаңаөзеннен 150-200 шақырым қашықтықтағы Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау аудандары мен Ақтау қаласына алып кеткен. Оның сөзін Жаңаөзенде жеке шаруасымен жүрген Орал тұрғыны Эрик Жұмабаев та қоштады. Ол белсенділер туралы білу үшін қалалық полиция басқармасына барғанда өзі де Әкімшілік кодекстің 488-бабына сай "бейбіт митинг заңын бұзды" деген айыппен ескерту алғанын айтады.


Маңғыстау облыстық баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаөзен қалалық арнайы мамандандырылған соты 20 тамызда Мұратбай Жұмағалиев пен Нұржан Нареновті "рұқсат етілмеген митингіге қатысты" деп 10 тәулікке қамаған.


Эрик Жұмағалиевке сот мүгедектігіне байланысты ескерту берумен шектелді. Аталған азаматтар 2020 жылдың 17 тамызында Жаңаөзендегі Тәуелсіздік алаңына жиналып, бейбіт шерулер өткізу туралы заңның талаптары сақталмаған митингіге қатысқан. Сот актісі әлі күшіне енген жоқ, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұршат Өтеулиева.


Маңғыстау облыстық соты басқа азаматтарға қатысты сот қаулысы жайлы ақпарат бермеді.


Ал Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі Азаттыққа Жаңаөзенде алты адамның қамауға алынғанын растады. Баспасөз хабарламасында белсенді мұнайшы Күнсұлу Әйтешованың Әкімшілік кодекстің 667-бабына сай "полицияға бағынбады" деп айыпталып, 20 тамызда 10 тәулікке қамалғаны айтылған.


Жаңаөзендегі арнайы қабылдау орынының толықтығына байланысты Маңғыстау облыстық бас санитарлық дәрігерінің санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жауапқа тартылған азаматтар басқа аудандардың арнайы қамау орындарына жіберілді, - деді Маңғыстау облыстық полиция депаратментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.


17 тамызда Жаңаөзенде бір топ тұрғын мен белсенді қаладағы Тәуелсіздік алаңына жиналып, саяси тұтқындарға бостандық беруді талап еткен еді. Акцияға қатысушылар қолдарына құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған Арон Атабек (Шаңырақ оқиғасынан кейін сотталған), Макс Боқаев (Жер митингіден кейін сотталған) пен Ержан Елшібаевтың (жаңаөзендік жас белсенді) суреттерін ұстап, оларды түрмеден дереу босатуды сұраған. Белсенділер дауыстары үкіметке жеткенше шыға беретіндерін айтып, тағы екі күн пикет ұйымдастырған.


Қазақстанда жұрт бейбіт митинг өткізу үшін билікке алдын ала ескертуі тиіс, әкімдік ескертілмеген биліктің бәрін заңсыз деп танып, қатысушыларын жазалайды. Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар Қазақстанның "Бейбіт митинг туралы" заңын жиі сынайды. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России