Қарағандылық өлкетанушылар көпке беймәлім ақынның өлеңдерін тапты
![Қарағандылық өлкетанушылар көпке беймәлім ақынның өлеңдерін тапты](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/03/09/220309015208071e.jpg)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Ақын Нұржан Шоңұлының есімі осы уақытқа дейін оқулықтарға енбеген, мұралары дәріптелмеген. Жинақталған өлеңдері биыл ғана табылды. Бірен-саран ақсақалдан өзге ешкім білмеген шайырдың мұрасын жергілікті өлкетанушы Айдаржан Балтабайұлы Мұхтар Әуезов атындағы университеттің қорынан алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.