Тараздық тұрғын танысын 2 млн теңгеге алдап кетті
15 сәуірде Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны полицияға жүгінеді. Шағымында ол танысының үй сатып алуға көмектесемін деген сөзіне сеніп, оған банктен 2 млн теңгеге жуық несиені ресімдеп алып бергенін көрсетті , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА. Ақшаны алған танысы жасырынып жүреді, содан кейін мүлдем байланысын үзеді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі […]
Сообщение Тараздық тұрғын танысын 2 млн теңгеге алдап кетті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.
15 сәуірде Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны полицияға жүгінеді. Шағымында ол танысының үй сатып алуға көмектесемін деген сөзіне сеніп, оған банктен 2 млн теңгеге жуық несиені ресімдеп алып бергенін көрсетті , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
Ақшаны алған танысы жасырынып жүреді, содан кейін мүлдем байланысын үзеді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сообщение Тараздық тұрғын танысын 2 млн теңгеге алдап кетті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.