Оразадағы тазалану кезеңі
Оразаның бірінші күні қанымыздағы қант төмендейді. Жүрек соғысы бәсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бұлшықеттен гликоген шығып, әлсіздік пайда болады. Тазаланудың алғашқы күндері ең қиын болып келеді.
Бас ауыру, жүрек айну, ауыздан жағымсыз иіс шығу, тілдің ауырланып, ісінуі – тазаланудың бірінші кезеңінің белгілері. Осы кезеңде аштық та қатты сезілуі мүмкін.
2 - кезең (3 күннен 7 күнге дейін)
Май қышқылы құрамындағы майлар ыдырап, глицеридтер молекуласындағы глицеринді босатып, глюкозаға айналады. Бет майланып кетеді, себебі ағза ашыған майдан арылып жатады.
Ағза оразаға үйрене бастайды, ас қорыту жүйесі демалып, барлық күш тазалануға және емделуге жұмсалады. Қанның ақ түйіршіктері мен иммунитет...

