Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды. Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде бес балдық жер сілкінісі сезілген.
Қазақстандық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 28 наурызға қараған таңда сағат 3.42-те Алматының оңтүстік-батысынан 323 шақырым жерде тіркелген.
Шу, Тараз, Төле би, Қордай, Сарыкемер, Аса, Мойынкұм ауылдарында – 2 балл; Құланда – 4 балл; Меркеде – 5 балдық жер сілкінісі сезілген.
Министрлік зардап шеккендер мен ғимараттардың бұзылғаны туралы ақпарат түспегенін айтты.
Ведомство Жамбыл облысында төтенше жағдай департаменті жедел әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.
"Қазселденқорғау" мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, сонымен бірге көшкін және сел жүру қаупі бар аумақтарды тексергені айтылды.
Полиция өте маңызды нысандар санатына кіретін ғимараттарда зақым бар-жоғын тексеру үшін шолу жұмыстарын жүргізген.