Қазақ журналистикасына қосар үлесім
Журналистика дегенде менің көз алдыма халықпен ашық сөйлесіп, нақты әрі түсінікті жеткізе білетін, ойын көркем тілмен жеткізетін адам елестейді. Журналист – тек жаңалық айтушы емес, ол халықтың жанайқайын жеткізетін маман. Бұл мамандық үлкен жауапкершілік пен батылдықты талап етеді.
Менің ойымша, әр журналист өз еліне қызмет етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда тіл мен әдебиетке көңіл бөлініп, оқу орындар дамып жатыр. Бізге беріліп жатқан мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек. Егер сен өзіңнен журналистикаға бейімділік байқасаң, оны жоғалтпай, дамытқаның дұрыс.
Неге дәл осы мамандық? Себебі біздің ата-бабамыз сөзге шешен болған, ал біз сол қасиетті бойымызда сақтап, әрі қарай жалғастыруымыз керек. Кейде жастар бұл қабілетін байқамай,...