«Әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға әсері»
ХХІ ғасыр — бәсекеге қабілетті технологиялар, онлайн платформалар және әлеуметтік желілердің қарқынды дамыған дәуірі. Уақыт өткен сайын технология мен адамзат дамуы өте қарқынды жүзеге асып жатыр. Цифрлық дәуірдің бұл қарқынды дамуы халықтың өмір салтына үлкен өзгерістер мен жаңалықтар әкелді. Ал бұл — белсенді өмірді ұстанушылардың алдыңғы қатарында жастар тұрғанының айғағы.
Әлеуметтік желілердің берер пайдасымен қатар зияны да бар екенін ұмытпаған жөн. 2024 жылғы зерттеулер әлеуметтік желілердің жастарға тигізетін ықпалына нақты дәлелдер бола алады. Ең алғашқы сауалнаманы Pew Research Center жүргізген болатын. Сауалнамаға сәйкес, 13–17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 90%-ы YouTube-ты, 66%-ы TikTok пен Instagram-ды, ал 55%-ы Snapchat-ты пайдаланады. Жасөспірімдердің...