Дәу мен Дәріке
І
Байжан батыр жасы елу қараса да, бір балаға зар болыпты. Іштей құса болса да, сыр алдырмай ел қатарлы тіршілігін қылыпты. Содан бір күні ол базарлап жүргенінде, бұйым сатып отырған бір саудагер әйелге кезігеді. Әйел оған: "Менде өткір кездік бар және алтын сырға бар. Екеуінің бірін таңда да, тегін алып кет" – дейді. Батыр ойланып: "Өткір кездік өзімдікінен артық болмас. Ал мына сырға көздің жауын алады екен. Бәйбішеме апарайын, қуанып қалсын" – деп сырғаны алады. Бағалы сыйлыққа бәйбішесі ырза болып, қайда барса да құлағынан тастамай тағып жүреді. Бірер уақытта бәйбіше ақыры бала көтереді. Құдайы беріп, Байжанның төбесі көкке...