Сот медициналық сарапшының этикасы мен кәсіби жауапкершілігі
Сот-медициналық сарапшының кәсіби қызметі қылмыстық және азаматтық істерді шешуде шешуші рөл атқарады. Сарапшының беретін қорытындысы көп жағдайда адамның тағдырын анықтап, әділеттіліктің жүзеге асуына ықпал етеді. Сондықтан бұл мамандық иесінің этикалық мәдениеті мен кәсіби жауапкершілігі құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі болып саналады.
Сот-медициналық сарапшының этикасы ең алдымен объективтілікке негізделеді. Сарапшы өзінің қорытындысын тек ғылыми дәлелдерге сүйеніп жасауы тиіс. Тергеушінің немесе прокурордың ықпалына еріп, нақты деректерді бұрмалау кәсіби адалдыққа қайшы келеді. Этиканың бұл қағидаты сарапшыға әділеттілікті қамтамасыз етуде бейтараптықты сақтауға мүмкіндік береді.
Этиканың тағы бір маңызды қағидасы – адалдық. Сарапшы ешқандай жағдайда жалған мәлімет бермеуі керек,...