Іскерлік журналистиканың қыр-сыры
Іскерлік журналистика – қоғамның экономикалық тынысын көрсететін маңызды сала. Кәсіпкерлік, қаржы, нарықтағы өзгерістер – мұның бәрін қарапайым оқырманға түсінікті жеткізу кәсіби журналистердің міндеті. Осы орайда біз «Атамекен Бизнес» арнасының журналисі Сымбат Серікқызымен іскерлік журналистиканың қыр-сыры туралы сұхбаттасқан едік.
-Іскерлік журналистика қоғамға қандай пайда әкеледі?
-Ел экономикасында, іскерлік ортада болып жатқан жаңалықтар жалпы қоғам үшін маңызды. Оны білу елдің әр азаматына артық етпейді. Себебі, ол түптеп келгенде әрбіріміздің өмірімізден көрініс табады. Бизнеске көтерілген салық бәрібір тұтынушының қалтасын қағады емес пе? Демек іскерлік журналистика Үкімет қабылдап жатқан шешімдердің әр азаматтың өміріне қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі. Іскер журналистер заңдағы өзгерістерді, экономикалық...