Абай ҒЗИ-да өткен ашық сабақ : «Абай ілімінің құрамдас бөліктері: ақыл, қайрат, жүрек»
Фараби университеті жанындағы Абай ҒЗИ-да орындалған ғылыми жоба нәтижесі ретінде 2021 жылдан бері «Абай ілімі» атты пән оқу үдерісіне енгізілді. Жоба жетекшісі – профессор Ж. Дәдебаевтың басшылығымен «Абай ілімі» пәнінің мазмұны жасалып, оқу-әдістемелік құралдар жасалды. Пәнаралық сипаттағы, мазмұн-маңызы терең бұл пән студенттер үшін қызықты да мәнді пәндердің біріне айналды десек, артық емес.
Жалпы, бүгінгі буынның тарихи әрі рухани міндеті – ұлы ойшыл, кемеңгер ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының адамзаттық құндылықтарды дәріптеген ілімін жаңа қырынан зерделеу. «Абай ілімінде» Абайдың «Ақыл, қайрат, жүрек» туралы терең тұжырымдары – ұлттық дүниетанымдағы адам болмысының үйлесімді моделін танытатын күрделі философиялық категориялар ретінде қарастырылады. Осы бағытта Абай...

