Әлемдегі ең әдемі ту
Reddit платформасында өткен "Flags of the World Tournament" атты онлайн дауыс беруде әлем елдерінің ішіндегі ең әдемі мемлекеттік ту таңдалды. Байқаудың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының көк туы бірінші орынға ие болды.
Бұл турнирде пайдаланушылар әр кезеңде әртүрлі мемлекеттердің туларын салыстырып, өз таңдауларын жасаған. Дауыс беруге әлемнің ондаған елінің мемлекеттік рәміздері қатысып, бірнеше кезеңнен кейін ең үздік тулар финалға шықты. Финалдық кезеңде Қазақстанның туы Кирибати мемлекетінің жалауын басып озып, жеңіске жетті.
Қазақстанның туы өзінің ерекше дизайнымен және терең мағынасымен ерекшеленеді. Тудың көгілдір түсі – ашық аспанды, бейбітшілік пен бірлікті білдіреді. Ал тудың ортасындағы алтын күн – тыныштық пен байлықтың белгісі. Күн астында...