Қазақ және ағылшын тілдеріндегі көптік категориясы
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі көптік категориясы
Г.П.Боздакова, филология факультетінің 3-курс студенті
Ғылыми жетекші: С.Н.Саменова, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті,Қарағанды, Қазақстан
bozdakovagulnaz6@gmail.com
Аннотация
Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі көптік категориясының грамматикалық табиғаты салыстырмалы аспектіде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – екі тілдегі көптік мағынаның берілу жолдарын, семантикалық реңктерін және қолданыс ерекшеліктерін ғылыми грамматикалар мен морфологиялық еңбектер негізінде талдау. Зерттеу барысында қазақ тіліндегі көптік жалғауының агглютинативті жүйеге тән бірізділігі, ал ағылшын тіліндегі көптік формалардың негізгі және тұрақсыз үлгілері сараланды. Нәтижесінде қазақ тілінде көптік мағына -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер тұлғалары арқылы жүйелі берілетіні, ал ағылшын тілінде -s/-es формаларымен...