Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Шайдоровқа қатысты дауға кім жауап берді? Министр кінәлілерді атады

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың келісімшарты төңірегіндегі жағдайға қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Мырзабосыновтың айтуынша, қазіргі уақытта мәнерлеп сырғанаушыға төленетін төлем мәселесі шешілді.
Спорт министрі БАҚ тарапынан қысым болғанын мәлімдеді

"Михаил Шайдоровтың келісімшарты бойынша мәселе толығымен шешілді. Шарттың талаптары түсіндірілді, келісімшартқа қол қойылды. Мұнда келісімшарттың стандартты екенін және оған олимпиадашылар ғана емес, барлық спортшы қол қоятынын атап өткен жөн. Ол антидопинг агенттігінің, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның ұсыныстарымен әлемдік тәжірибеге сәйкес жасалған. Тіпті БАҚ-тың қысымы болса да, біз оны жекелеген спортшы үшін бөлек әзірлей алмаймыз. Барлық келісімшартта ережелер ортақ", - деді министр үкімет кулуарында.

– Бұл жағдай қалай болды? Кім жауапқа тартылады?
– Біз Михаилмен бірге жағдайды зерттеп, қорытынды жасадық. Шынында да, екі тараптан та менеджерлер мен орындаушылардың байланысы үзілген. Дұрыс түсіндірілмеген, соған байланысты осындай жағдай болды.
Бүгінде Михаилға қатысты мәселе толық шешілді деп есептеймін және бұл тақырыпқа нүкте қоюды ұсынамын. Спортшылар үшін жаңа маусымға дайындыққа баса назар аудару өте маңызды.
Дауға кінәлілер жазаланды
Министрдің коммуникациядағы олқылықтар туралы сөзінен кейін журналистер дауға кінәлілердің жазаланған-жазаланбағанын нақтылап сұрады.

"Тағы да қайталап айтамын, екі тараптан да орындаушылар мен менеджерлер түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбеген, олар әкімшілік жазаға тартылды", - деді министр.

Спортшылар Олимпиадада медаль алмаса, ақшаны қайтаруға міндетті ме?
Михаил Шайдоровтың наразылығын тудырған келісімшарт тармақтарының бірі – 2026 жылы 2030 жылғы Олимпиадада медаль алуға кепілдік беру міндеттемесі болды. Министрден бұл міндеттемелер орындалмаған жағдайда не болатынын нақтылауды сұрады.
– Шайдоровпен жасалған келісімшартта 2030 жылғы Олимпиада ойындарында міндетті түрде медаль алу туралы тармақ қалды ма? Ол Олимпиада алтынын алған кезде оған сыйақы төлене ме? Министрлік Софья Самоделкинамен жаңа келісімшартқа қол қойды ма, онда да медаль бойынша міндеттемелер бар ма?
– Келісімшарт үлгілік болып саналады және міндеттемелер біздің барлық шарттарымызда бар. Ол мейлі олимпиадашы болсын, мейлі дәрежесі төменірек спортшы болсын, міндеттемелер қарастырылған. Бүгінде келісімшартқа қол қойылды, сол баяғы келісімшарт.
Софья Самоделкинаға келсек, иә. Онымен де келісімшартқа қол қойылды, ешқандай мәселе жоқ. Михаил Шайдоровтың командасы АҚШ-қа аттануға дайындалып жатыр, онда екі айға созылатын оқу-жаттығу жиындары өтеді.
– Сонда екі келісімшартта да медаль алу міндеттемесі туралы тармақ бар ма?
– Бұл халықаралық тәжірибеге, антидопинг комитетінің ұсыныстарына, Жоғары аудиторлық палатаның ұсыныстарына негізделген үлгілік келісімшарт. Ол қандай да бір қаржылай қаражатты қайтаруды міндеттемейді, бұл тек барлық спорт түріндегідей келісімшарт.
Бізде болжамдар бар. Тіпті қысқы Олимпиада ойындарының алдында біз осы жерде медальдар бойынша міндеттемелер бергеніміз туралы пікірталасқан болатынбыз. Сол кезде қанша медаль болатыны айтылды. Сегіз жыл бойы, екі олимпиадалық циклде мүлдем медаль болмағанын болжаған едік. Біз осы Олимпиадада бір медаль болады деп міндеттеме алдық және командамен бірге бұл тапсырманы барынша орындадық деп есептеймін.
Михаил Шайдоровтың жалақысына қатысты дау
Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын Олимпиада чемпионы сұхбаттарының бірінде тарихи жеңістен кейін жалақысынан айырылғанын мәлімдеген болатын. Туризм және спорт министрлігі бұған жауап ретінде спортшы жаңа келісімшартқа қол қоймайынша, оған төлем жасай алмайтындарын алға тартты.
Кейін Шайдоров келісімшарттың өзіне қолайсыз болып көрінген талаптарын жария етті. Бұл жағдай БАҚ пен әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған соң, министрлік өкілдері жаңа келісімшартқа қол қойылғанын және чемпионға тиісті барлық қаражат жақын арада төленетінін хабарлады.
Шайдоров жағдайдың реттелгенін растап, АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.

Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының тарихына енді
Айта кетейік, Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарында ел үшін алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы болды.
Оның жеңісі тарихтағы ең драмалық сәттердің бірі ретінде қалады. Қысқа бағдарламадан кейін Михаил бесінші орында тұрған еді, бірақ еркін бағдарламаны керемет орындап шықты. Қазақстандықтың қарсыластары, соның ішінде АҚШ-тан келген әлем чемпионы Илья Малинин психологиялық қысымға шыдамай, бірнеше қателік жіберді.
Нәтижесінде Шайдоров барлық қарсыласын басып озып, Қазақстанға кейінгі 32 жылдағы қысқы Олимпиаданың алғашқы алтынын сыйлады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

The Olympic Games (@olympics) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России