17 жыл жасырынған. Қырғызстан Қазақстанға банктен миллиондарды ұрлаған қылмыстық топ басшысын берді
Тергеу барысында күдікті 2007–2008 жылдары Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы болып, қазақстандық банктердің бірінен 183 миллион теңгеден астам ақшаны көрінеу қайтарусыз несие беру арқылы ұрлағаны анықталды.
"Алынған ақша оның мүшелері арасында бөлініп, жеке мақсаттарына пайдаланылған", - деп хабарлады Бас прокуратура.
Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі сотталған, ал оның басшысы қашып кеткендіктен, халықаралық іздеу жарияланған.
Ақпанда ол Бішкекте ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
"Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деп хабарлады қадағалау органы.