Добавить новость
World News



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Android иелеріне операциялық жүйені жаңартпау ескертілді

Операциялық жүйе жаңа нұсқасының шығуы әрқашан тың мүмкіндіктер мен жылдам жұмыс істеу күтілетін айтулы оқиға. Алайда Google Pixel құрылғыларының иелеріне Android 17-нің жаңа релизі жағымсыз тосынсыйға толы болды. Пайдаланушылар жүйенің бірқалыпты жұмысы орнына, жоғалып кеткен виджеттерден бастап байланыстың мүлдем үзілуіне дейінгі бірқатар қателікке тап болды, деп хабарлайды Tengri Life.
Бұл мәселеге BGR назар аударып, жаңа жүйені орнатуға асықпауға кеңес берді. Бұл әсіресе Pixel смартфондарын негізгі құрылғы ретінде пайдаланатындарға қатысты. Басылым мәліметінше, қатенің бір бөлігі Android 17 бета-нұсқасын тестілеу кезінде-ақ байқалған, бірақ кейбірі релизден кейін де жойылмаған.
Қосымшалардағы Wi-Fi ақауы
Көп тараған шағымдардың бірі - Wi-Fi арқылы интернетке қосылу мәселесі. Pixel иелері смартфон желіге қосулы тұрса да, кейбір қосымшалар дұрыс жұмыс істемейтінін айтады.
Пайдаланушылар көбіне Google сервистерін атап өтеді, бірақ TikTok-қа қатысты да осындай шағымдар түскен. Ақаудың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Кейбір құрылғы иелері мәселе роутердегі IPv6 қолдауымен байланысты болуы мүмкін деп болжайды, бірақ бұл нұсқа әзірге ресми расталмады.
Жағдайды өз бетінше түзету әрекеттері бәріне бірдей көмектеспей жатыр. Пайдаланушылардың айтуынша, смартфонды зауыттық параметрлерге қайтару да мәселені әрдайым шеше бермейді.
Жаңартудан кейін eSIM жұмыс істемей қалады
Виртуалды сим-карталарды пайдаланатындарды бұдан да күрделі мәселе күтіп тұр. Android 17-ге "бағдарламаланғаннан" кейін жүйе eSIM-ді мүлдем танымай қалады.
Reddit пайдаланушыларының бірі өз басынан өткен жағдайды бөлісті: ол жаңартудан кейін eSIM-нің өшіп қалғанын байқаған. Оны қайта іске қосу әрекеті кезінде құрылғы қате шығарған. Қайта жүктеген соң байланыс небәрі 30 секундқа пайда болып, кейін виртуалды карта қайтадан өшіп қалған.
Бұл жағдай АҚШ-тағы жаңа Pixel иелері үшін өте ыңғайсыз. BGR атап өткендей, "Америка нарығындағы жаңа Pixel аппараттары тек eSIM-мен жұмыс істейтінін ескерсек, бұл жағдай өте күрделі".
Бұл ретте пайдаланушылар физикалық SIM-карталардың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлап жатыр. Кейбіреулер Android-тың алдыңғы нұсқасына оралғаннан кейін де eSIM жұмыс қабілеті қалпына келмегенін айтады.
Құрылғы иелерінің бір бөлігі бұл мәселе жүйені әдеттегі "ауа арқылы" жаңарту кезінде емес, қолмен бағдарламалау құралы (flash tool) арқылы орнату кезінде туындауы мүмкін деп болжайды, бірақ бұл нұсқаның ресми растамасы жоқ.
Ойындардағы мәселелер
Сондай-ақ пайдаланушылар Android 17-ге өткеннен кейін өнімділіктің төмендегеніне шағымданды. Атап айтқанда, Pixel 10 Pro иелері бұрын еш қиындықсыз жұмыс істеген ойындарда айтарлықтай кідіріс байқалатынын айтады.
Пайдаланушылардың сөзінше, өнімділіктің төмендеуі жаңарту орнатылғаннан кейін бірнеше күн өтсе де сақталып отыр. Reddit-тегі талқылауларда басқа да құрылғы иелерінен осындай хабарламалар түскен.
Әдетте Android-тың жаңа нұсқалары, керісінше, смартфондар жылдамдығын арттыратыны белгілі. Алайда Android 17 жағдайында кейбір пайдаланушылар кері әсерге тап болды.

"Көп жағдайда жаңа Android жаңартулары аппараттардың жұмыс жылдамдығын жақсартады, бірақ Android 17-нің әсері керісінше болған сияқты", - делінген жарияланымда.

Виджеттер қайда жоғалды?
Android 17-де әзірлеушілер нейрожелілер мен мәтіндік сұраныстар (vibe coding) көмегімен интерфейс элементтерін жасауға мүмкіндік беретін Create My Widget функциясын қосты. Бірақ оның игілігін бәрі бірдей көре алмады, өйткені жаңартудан кейін ескі виджеттер экраннан өшіп қалған.
Google Issue Tracker ресми платформасында пайдаланушылар қайтарып алу мүмкін болған аз ғана виджеттердің өзі смартфонды алғашқы қайта жүктегеннен кейін іс-түзсіз жоғалып кететінін жазады.
Басқа қателерден айырмашылығы, Google бұл ақауды мойындады. Компания аталған мәселеден хабардар екенін және оны Android-тың келесі жаңартуларының бірінде түзеу үшін жұмыс істеп жатқанын растады.
Уақытша шешім ретінде Reddit пайдаланушылары құрылғының жұмыс профиліндегі (work profile) параметрлерді өзгертуді ұсынады - бұл кейбіреулерге интерфейс элементтерін орнына қайтаруға көмектескен.
Смартфонды қалай қорғап, қазір не істеу керек?
Егер сіз әлі жаңартуды орнатпаған болсаңыз, түзетулері бар ресми патчтар шыққанша автоматты жаңартуды уақытша бұғаттап қойған дұрыс.
Бағдарламалық жасақтаманың автоматты жаңартылуына қалай тыйым салуға болады?
Әдетте бұл үшін құрылғы баптауларын ашып, БЖ жаңарту (software update) бөліміне өту жеткілікті. Samsung, Xiaomi, Oppo, Realme және басқа да брендтер смартфондарында сол жерден жүйенің жаңа нұсқаларын автоматты түрде жүктеу мен орнатуды өшіріп тастауға болады.
Android-тың автоматты жаңартылуын қалай өшіруге болады:

Телефон баптауларына кіріп, "Телефон туралы" бөлімін табыңыз.
"Құрастыру нөмірі" тармағын әзірлеуші болғаныңыз туралы хабарландыру пайда болғанша жеті рет басыңыз.
Баптаулардың негізгі мәзіріне қайтып, "Жүйе" -> "Әзірлеушілер үшін" бөліміне өтіңіз.
"Жүйені автоматты түрде жаңарту" (немесе "ОЖ автожаңарту") ауыстырып-қосқышын тауып, оны өшіріңіз.
Енді телефон сіздің рұқсатыңызсыз жаңа жүйені орнатпайды.

Бұл ретте жаңартулардан бас тарту маңызды қауіпсіздік түзетулерін өткізіп алуға әкеп соғуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан бұл қадамды бағдарламалық жасақтаманың тұрақты нұсқасы шыққанға дейінгі уақытша шара ретінде қарастырған жөн.
Тағы оқыңыз: App Store-дан VK, “Одноклассники“ және Mail.ru өшірілді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России