ӘЧ-2026: әлемдегі ең бақытсыз жанкүйер мемге айналды
Жапон блогері әрі стримері Gamix.o7 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының басты интернет-мемдерінің бірі болды. Жапония - Бразилия матчі кезінде ол өз құрамасына ерекше қолдау көрсетті, алайда сол күні оның командасы жеңіліп, турнирден шығып қалған болатын.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Camila Loures (@camilaloures) жарияланымы
Оның матч нәтижесіне реакциясы кадрға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Көңілі түскен жанкүйердің бейнесі әлеуметтік желілердегі көптеген мем негізіне айналды.
Желі қолданушылары оны "турнирдің ең бақытсыз жанкүйері" деп атады.
???????????????????????????????????? https://t.co/kmT5nDAOdx pic.twitter.com/xORF0IrmJ1— J???? (????????????????????????????????????) (@IncroyableSauce) 29 маусым, 2026Gamix-тің өзі бұған тез үн қатып, осындай роликтерді көбірек сала бастады, бұл халықтың қызығушылығын одан сайын арттырды. Оның Instagram және Twitch арналарындағы аудиториясы айтарлықтай өсті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Camila Loures (@camilaloures) жарияланымы
Көпшілік стример ерекше реакцияны түсіріп алу үшін телефонын алдын ала біреуге беріп қойғанын айтады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
احمد مهدي (@f_an176) жарияланымы
Сондай-ап ол FOX телеарнасындағы танымал телешоу эфиріне де түсті, онда журналистер жанкүйерлердің Әлем чемпионатындағы оқиғаларға реакциясын түсіреді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Fanatikos (@fanatikos_cr) жарияланымы
Бразилия Жапонияны ӘЧ-2026-дан шығарып жіберді
Еске сала кетейік, Бразилия мен Жапония құрамалары арасындағы Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама беретін матч 30 маусымға қараған түні өтті. 29-минутта жартылай қорғаушы Кайсю Саноның голымен Жапония есеп ашты.
Кейін 56-минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Каземиро баспен гол соғып, есепті теңестірді, ал матч соңында вингер Габриэл Мартинелли жеңіс голын салып, Бразилияға басымдық сыйлады. Қорытынды есеп - 2:1.
Gamix.o7 деген кім?
Gamix.o7 - 18 жастағы жапон блогері, стример және контент-мейкер. Ол Twitch-тегі жігерлі трансляцияларымен және миллионнан астам жазылушысы бар YouTube арнасымен танымал. Сондай-ақ ол Instagram-ды белсенді жүргізіп, онда күнделікті өмірін, челлендждер және стримдерін бөліседі.
Жас контент жасаушының басты мақсаттарының бірі - 2026 жылдың аяғына дейін MrBeast-пен коллаборация жасау. Gamix IRL-контентті, реакцияларды және аудиториямен қарым-қатынасты ұштастыра отырып, Жапонияда да, одан тыс жерлерде де танымал болып келеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
MrBeast (@mrbeast) жарияланымы
Тағы оқыңыз: Парагвай президенті Әлем чемпионатындағы сенсацияның құрметіне демалыс жариялады