Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Прокурор Әділетхан Молдаханға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған Әділетхан Молдаханға қатысты сот процесі аяқталуға жақындап қалды. Оған көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әділетхан Молдахан ісі бойынша жарыссөз
2 шілдеде Алматының Алмалы аудандық сотында Әділетхан Молдахан ісі бойынша сот жарыссөзі өтті.
Жәбірленуші, Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың адвокаты Асылбек Әбдірайымовтың айтыеша, прокурор сотталушыға көрінеу жалған ақпарат тарату айыбы бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Адвокаттың сөзінше, жәбірленушілер айыптау тарапының ұстанымын қолдап, соттан қосымша Молдаханға блогерлік қызметпен айналысуға тыйым салуды сұраған.

"Жәбірленуші тараптың пікірінше, сотталушының әрекеті Ержан Ұзабаев пен Серік Шумаевқа моральдық әрі материалдық зиян келтіріп қана қоймай, ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіріп, қоғамның құқық қорғау жүйесіне деген сеніміне селкеу түсірді", – деді адвокат.

Анықтама: Серік Шумаев – Алматы әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы бастығы.
Әділетхан Молдахан кім және оған қандай айып тағылып отыр?
Әділетхан Молдахан Instagram желісінде миллионнан астам оқырманы бар блогер. Ол үш адам қаза тапқан әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты жарияланымдарынан кейін көпшілік назарын аударды. Атап айтқанда, ол апатқа полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
31 наурызда Әділетхан Молдахан ұсталды.
Ұсталғаннан кейін Алматы Полиция департаменті Молдаханның бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істегенін, бірақ теріс себептермен жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол 2023 жылы тонау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Қазір блогерге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша айып тағылып отыр.
Бұл бап санкциясы:

3000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы – 12 975 000 теңге);
800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру.

Онымен кім және не үшін соттасып жатыр?
Адвокат Асылбек Әбдірайымов бізге іс бойынша жәбірленуші деп мыналар танылғанын хабарлады:

Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев (сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігіне жетекшілік еткен);
Алматы әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шумаев.

Екеуі де полиция полковнигі атағына ие. Бұған дейін Ержан Ұзабаевтың мүддесін қорғайтын Асылбек Әбдірайымов Молдаханның жарияланымдарынан кейін полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлаған. Оның қорытындысы бойынша қызметкерлер лауазымдарынан шеттетіліп, ІІМ резервіне ауыстырылған.
Әділетхан Молдаханды қай сөздері үшін соттап жатыр?
Бұған дейін Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың адвокаты Tengrinews.kz-ке сараптама сотталушының нақты қай сөздерін шындыққа сәйкес келмейді деп танығанын айтқан.

"Instagram желісіндегі өз аккаунты арқылы Әділетхан Молдахан жәбірленушілердің "жалған мемлекеттік нөмір тағып, терезелерін қараңғылаған жастарды қорғайтынын", соның салдарынан жол апаты болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасының салдары олардың салғырттығының, әрекетсіздігінің және сәрі, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол беретін жекелеген тұлғалардың мүдделерін қорғауының нәтижесі екенін айтты. Сараптама бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады", – деді жәбірленуші Полиция департаменті бастығы орынбасарының адвокаты.

Адвокаттың айтуынша, Ұзабаев тарапы блогерден 11 миллион теңге өндіруді көздеп отыр: оның 10 миллионы моральдық зиян, 1 миллионы өкілдік шығындары. Асылбек Әбдірайымовтың сөзінше, оның сенім білдірушісі сотталушымен татуласуға ниетті емес.
Екінші жәбірленуші Серік Шумаевтың адвокаты Жандос Палманов та блогерге қарсы 11 миллион теңге көлемінде талап-арыз берген.
Сотталушының ұстанымы
1 маусымда өткен алғашқы сот отырысында Әділетхан Молдахан сотта кінәсін толық мойындады. Бұл туралы бізге сотталушының адвокаты Нұртуған Өмірзақ хабарлады.

"Бұл қорғауымыздағы азаматтың өз шешімі. Біз адвокат ретінде оның ұстанымына сүйене отырып әрекет етеміз. Ол заңгерлік білімі бар адам ретінде отбасымен ақылдаса келе осындай шешім қабылдады және біз оны қолдауға міндеттіміз. Айыпталушы кінәсін мойындағанның өзінде, заң бойынша үкім заңды күшіне енгенге дейін айыптың мәні туралы пікір білдіруге құқығымыз жоқ", – деді Нұртуған Өмірзақ.

Сондай-ақ ол қорғау тарапы сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуді, істі жеңілдетілген тәртіппен қарауды және медиация өткізу үшін уақыт беруді сұрап өтініш бергенін айтты. Өмірзақтың сөзінше, сот бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырмаған, сондықтан Молдахан әлі де қамауда отыр.
Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы оқиғадан кейін
21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жоғары жылдамдықпен келе жатқан Zeekr автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапты.
Zeekr көлігінің жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 26 наурызда тергеу соты оны қамауға алды. Апат кезінде ол жеңіл дәрежеде алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. 7 сәуірде ол ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылғаны белгілі болды.
Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі "Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қайғылы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкерінің қатысы бар көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқа тарады. Осыған байланысты тексеріс пен қызметтік тергеу басталды.
Сот үкімі
Іс 28 мамырдан бастап Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
22 маусымда сот 33 жастағы Александр Пакқа қатысты үкім шығарды. Судья оны Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі "Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша кінәлі деп таныды.
Оған қауіпсіздігі ең төменгі мекемеде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сот қаза тапқан 20 жастағы Т. К. әкесінің азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, Александр Пакты 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуге міндеттеді. Бұған дейін марқұмның әкесі 100 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России