Ақтауда сауда базары өртенді
Өрт 9 шілде күні кешке басталды, жалын кеңсе тауарлары сатылатын сауда нүктесінде тұтанған.
"Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ қызметкерлері шақырту орнына дереу жетіп, сөндіруге кірісті. Өртсөндірушілер жалынның көршілес сауда орындарына жайылуына жол бермеді", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттің аумағы 60 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау қысқа мерзімде толықтай ауыздықталды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды құтқарушылар.