Полиция шетелдік блогер Қазақстаннан шығарылған сәттің видеосын жариялады
Стример Қазақстанға қатысты арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер жасалған тікелей эфирлері үшін жауапқа тартылды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба
"Шетел азаматы Г. К. Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кетті", - деп хабарлады Астана Полиция департаменті.
Бейнежазбаға қарағанда, полицейлер оны ұшақ бортына дейін шығарып салған.
Еске сала кетейік, бұған дейін сот оны әлеуметтік желілердегі арандатушылық және ерсі мәлімдемелері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын.
Оның Қазақстанға келуіне бес жыл мерзімге шектеу қойылды.
Заңды сақтау және елге құрмет көрсету баршаға бірдей міндетті, деп атап өтті Астана Полиция департаменті.