Найзағай, жаңбыр, және бұршақ: 19 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жауады деп болжануда, тек елдің оңтүстігінде ғана күн ашық болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
Астана - көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында): күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 20-25 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 34-36 градус жылы.
Ақмола облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 19-24 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы. Алматы облысы - күндіз облыстың тау бөктеріндегі және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 7-12 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, таулы аудандарда 20-25 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық. Жетісу облысы - күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың шығысында 21, таулы аудандарда 10, күндіз 29-34, таулы аудандарда 25 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 32-34 градус жылы. Түркістан облысы - күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың таулы аудандарында 15, күндіз 33-38, таулы аудандарда 28 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 35-37 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық болады. Орал - көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы. Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 6-11 метр секунд. Ауа температурасы түнде 18-23 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық болады. Атырау - көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 2-7 метр секунд. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Маңғыстау облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 35-40 градус қатты ыстық, облыстың батысында 32 градус жылы болады. Ақтау - көшпелі бұлттылық, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 32-34 градус жылы. Ақтөбе облысы - түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың оңтүстігінде, шығысында 25 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады.Ақтөбе - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады. Қостанай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың оңтүстігінде 19, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 30 градус жылы. Қостанай - көшпелі бұлттылық, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы.Солтүстік Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 25 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың батысында 4, күндіз 18-23 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлттылық, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы. Павлодар облысы - күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25 градус жылы. Павлодар - көшпелі бұлттылық, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы. Қарағанды облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 22-27, облыстың оңтүстігінде 30 градус жылы. Қарағанды - көшпелі бұлттылық, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-18 метр секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 24-26 градус жылы. Ұлытау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 метр секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың шығысында 14, күндіз 29-34, облыстың солтүстігінде 26 градус жылы. Жезқазған - көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы. Шығыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың солтүстігінде, шығысында 9, оңтүстігінде 21 жылы, күндіз 27-32, облыстың солтүстігінде, шығысында 22 градус жылы болады. Өскемен - көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы. Абай облысы - түнде облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 23-28, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы. Семей - көшпелі бұлттылық, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан 5-10 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 26-28 градус жылы. Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-21, күндіз 33-38 градус жылы. Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 34-36 градус жылы. Жамбыл облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың таулы аудандарында 11, күндіз 31-36, облыстың таулы аудандарында 28 градус жылы.Тараз - көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 33-35 градус жылы.