30 тамызда Алматының бір ауданында су өшіріледі: мекенжайыңызды тексеріңіз
Алматының Бостандық ауданының бір бөлігінде түн ортасынан таңғы алтыға дейін суық су болмайды.
"29 тамыздан 30 тамызға қараған түні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Бостандық ауданының бір бөлігінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты су беру уақытша тоқтатылады", - деп хабарлады "Алматы Су" кәсіпорны.
Әл-Фараби даңғылы - Назарбаев даңғылы - Абай даңғылы - Байзақов көшесі - Ботаникалық бақ - Ерғожин көшесі аумағындағы үйлер мен ғимараттарда суық су болмайды.
"Жұмыстар аяқталғаннан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін. Желілер толық жуылғанша кір жуатын және ыдыс жуатын машиналарды, сондай-ақ басқа да сантехникалық құралдарды пайдаланбау ұсынылады", - деп ескертті компания.
Алматылықтарға суды алдын ала құйып алуға кеңес беріледі.
Тағы оқыңыз: 2026 жылғы Алматының ең үздік аудандары: баға рейтингі емес, өмір сүру сапасы бойынша топ-5 локация