Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Заңнаманы заман талабына сай жаңғырту - Тоқаев Құрылтай алдында міндеттер қойды

Құрылтайдың алғашқы сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттің алдында тұрған маңызды міндеттерді айқындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттің айтуынша, басты міндеттердің бірі – жаңа Конституция ережелерін ескере отырып, ел заңнамасын жаңарту.


"Бірінші. Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, еліміздің заңнамасына түзетулер енгізу қажет. Жаңа конституциялық жүйеге өту барысында бұрынғы Парламент негізгі билік институттарының қызметін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңдарды қабылдады. Енді Құрылтай әр салаға қатысты заңнаманы мұқият саралап, олардың Конституция қағидаттарына сай болуын қарауы керек", - деді Президент.

Екінші маңызды міндет ретінде Тоқаев заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуді атады.

"Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуі керек. Бұған дейін Сенат Мәжіліс қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін, құқықтық тұрғыдан дұрыстығын, нормалардың өзара үйлесімділігін тексеріп отырды. Бұл жұмысты жандандыру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, заң шығару – аса жауапты жұмыс. Заңдар әділетті, халыққа түсінікті әрі озық, яғни заман талабына сай болуы керек.

"Себебі заң мемлекеттегі әр азаматтың тағдырына, өміріне әсер етеді. Сондықтан заңның әр нормасы, әр тармағы тыңғылықты қаралып, жан-жақты талқылануы қажет. Заң шығару қызметінің сапасын арттыру және жемқорлыққа себеп болатын жағдайлардың алдын алу үшін жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға болады", - деді Мемллекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев озық технологиялар кәсіби құқықтық сараптаманы алмастыра алмайтынын, алайда технологияны сауатты пайдалану арқылы талдау жұмысының тиімділігін арттыруға болатынын атап өтті.

"Қазіргі таңда менің бастамаммен "Е-Parliament" ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Бұл жүйе түйткілдерді заң арқылы алдын ала реттеуге мүмкіндік береді. Басты мақсат – цифрлық қызметтерді бір жерге тоғыстыру. Құзырлы органдар депутаттармен бірлесіп, осы платформаны Құрылтай қызметіне тезірек бейімдеуі қажет", - деді Президент.

Оның айтуынша, еліміз үшін аса маңызды заң жобаларын сарапшылармен бірге жан-жақты талқылау керек. Бұл істе қағазбастылық пен салғырттыққа жол беруге болмайды.

"Құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде үн қататын жалпыұлттық диалог алаңына айналуы қажет. Депутаттардың қызметі заңдылық, ашықтық, өзара сыйластық, пікір алуандығы қағидаттарына негізделуге тиіс", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Тоқаев депутаттар бірінші сессияда бірқатар маңызды заңдарды қабылдауы қажет екенін айтты.

"Мен осы жылы жасанды интеллектіні орта білім беру саласына енгізу, цифрлық активтер индустриясын дамыту, Digital Qazaqstan стратегиясы туралы бірқатар Жарлық шығардым. Үкімет осы бағыттар бойынша қажетті заң жобаларын әзірлеп, Парламентке ұсынады. Тағы бір мәселе. Біз елімізге кәсіби тұрғыдан жоғары білікті мамандарды, заманауи технологияларды және шетел капиталын көптеп тарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл іске тың серпін беру үшін "Алтын визаны" енгізудің маңызы зор", - деді Президент.

Сондай-ақ Тоқаев еліміздің көші-қон саясатын жетілдіру қажет екенін атап өтті. Үкімет тиісті заң жобасын Құрылтайға жолдауы керек. Депутаттар оны тезірек қарағаны жөн.

"Биыл Үкімет "Кітапхана және баспа ісі туралы" заң жобасын да әзірлеп, Құрылтайға енгізуі қажет. Бұл – ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін нығайту үшін қажетті құжат", - деді Мемлекет басшысы.

Президент таяуда "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу жөнінде тапсырма бергенін еске салды. Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі. Тоқаевтың айтуынша, енді осы бастаманың заңнамалық негізін қалыптастыру қажет.

"Құрылтай қос палаталы Парламенттің депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауға тиіс. Ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажет. Мен осы мәселе жөнінде Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы отырысында айттым. Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысы осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салуды ұсынып, демеушілер де осы маңызды іс-шараға қатысады деп сенетінін айтты. Ол мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек екенін атап өтті.

"Жалпы, біз өскелең ұрпақтың қолайлы және, ең бастысы, қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек. Осы орайда, Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынып отыр. Бұл мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталып өттім. Мұндай шара әлемнің көптеген елінде қабылданып жатыр. Мен мұны қолдаймын. Осы жұмысқа баса назар аудару қажет деп санаймын", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, тиісті заңды қабылдағанда, оны толығымен жүзеге асыру мәселесін ойлау керек, себебі, қауқарсыз заң ешкімге қажет емес.
Сонымен қатар Тоқаев энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын тездетіп қарастыруды тапсырды. Оның айтуынша, сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарға айрықша назар аударып, ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау қажет.
Жұма, 28 тамызда Президент бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашты. Бұған дейін Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды.
Тағы оқыңыз: “Қазіргі заман құр уәденің уақыты емес“: Тоқаев Құрылтай депутаттарына үндеу жасады
1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Ол қабылданғаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттық өкілеттіктері де доғарылды. Екіпалаталы Парламенттің орнына бірпалаталы Құрылтай келді. Оның құрамына бес жылға сайланатын 145 депутат кіреді.
23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтті. Бұл 1991 жылдан бері елімізде өткен оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы науқан болды. Дауыс берудің қорытынды нәтижелерін мына жерден оқыңыз.
Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға бес саяси партия өтті. Олардың арасында мандаттар келесідей бөлінді:

"Әділет" партиясы – 110 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат;
"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат;
Respublica партиясы – 9 мандат.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Құрылтайына кімдер кірді: толық тізім
Кеше Орталық сайлау комиссиясы жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын тіркеді. Оларға куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России